Жарнама
Жаңалықтар

Билік қоғамның сұранысына шұғыл жауап береді – Мәулен Әшімбаев

Atr.kz/13 қаңтар, 2020 жыл.  Бүгін билік қоғамның сұранысына шұғыл жауап береді.

Азаматтық альянс өкілдерімен кездесу кезінде Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Мемлекет басшысының тапсырмасымен қазіргі таңда елімізде қоғамдық диалог нығайып, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іске асырылып жатқанын білесіздер. Бұл бағытта біршама жұмыс атқарылды. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі жұмыс жүргізуде. Оның кейінгі отырысында ел Президенті қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерінің ұсыныстары бойынша әзірленген реформалар пакетін жариялады. Мемлекеттік органдардың жұмысына ашықтық сипатын беру жұмысы да ұмыт қалдырылған жоқ. Үкіметтік емес ұйымдармен де жұмыс күшейтілген. Бүгін билік қоғамның сұранысына шұғыл жауап береді. Белгілі бір мәселелердің шешіміне қатысты жедел тіл қатады. Мемлекет басшысы бұл ретте бәрімізге үлгі көрсетіп отыр деген ойдамын», — деді Мәулен Әшімбаев.

Оның айтуынша, бұл үлгі мемлекеттік органдарды азаматтардың сұранысына жедел жауап беруге жетелеп, мәселелерді уақтылы шешуге тырысуда.

«Экономиканы диверцификациялау тұрғысында алда үлкен міндеттер тұр. Кәсіпкерлікті дамыту ісіне де маңыз берілуде. Ауыл шаруашылығы, әлеуметтік салада да мәселелер шешімін табуда. Бұл жағдайда біз Азаматтық альянс пен оның құрамына кіретін 500-ге тарта ұйым жұмысқа белсенді араласар деген сенімдеміз», — деді ол.

Еске сала кетсек, елордада Қазақстанның Азаматтық альянсының конференциясы өтіп жатыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button