img 20201012 wa0049

Атыраулық оқушылардың еңбегі халықаралық жинаққа енді! (+ФОТО)

Білім Жаңалықтар ФОТОГАЛЕРЕЯ

Atr.kz/13 қазан, 2020 жыл. Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушылары Ділназ Мүбарак пен Әзиза Абатова Владимир Яковлевич Курбатов атындағы оқушылардың халықаралық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауында үздік үштікке енді.

Ресей Федерациясында қашықтықта өткен «Химия: ғылым мен өнер» атты ғылыми-жобалар конкурсында мұнайлы шаһардың оқушылары «Апельсин қабығынан тыңайтқыш әзірлеу» тақырыбындағы зерттеу жұмысын ұсынды. Нәтижесінде ғылыми еңбек ресейлік әділ қазылар алқасының жоғары бағасын алып, Әзиза мен Ділназ үшінші дәрежелі дипломға және сертификаттарға ие болды. Атыраулық оқушылардың ғылыми жаңалығы Владимир Яковлевич Курбатовтың 142 жылдығына орай жарық көрген халықаралық ғылыми еңбектер жинағына енгізілді.

Санкт-Петербург мемлекеттік технологиялық институты оқушылардың еңбегі жарияланған ғылыми жинақты және Ділназ бен Әзизаның сертификаттарын онлайн түрде табыстады.

Еске салайық, бұған дейін Әзиза Абатова мен Ділназ Мүбарактың «Апельсин қабығынан тыңайтқыш» атты ғылыми-зерттеу жобасы оқушылардың республикалық «Зерде» ғылыми-зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары байқауында Бас жүлдеге ие болды.

Әнуар ЖАМАНҚҰЛОВ,

баспасөз хатшысы

img 20201012 wa0051
img 20201012 wa0052
img 20201012 wa0050

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған