Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Бес айда 19,5 млн тонна мұнай өндірілді

Бес айда өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,2 трлн. теңгені құрады. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте айтты, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

– Республика өнеркәсібіндегі Атыраудың үлесі 22,7%-ды құрайды. Өңірде 19,5 млн. тонна мұнай мен 10,2 млрд. текше метр ілеспе мұнай газы өндіріліп отыр. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 244,5 млрд. теңгені құрады. «АМӨЗ» ЖШС-і 2 095,9 мың тонна мұнай өнімдері өңделді, — деді спикер.

Сондай-ақ, биыл Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде 837 млрд. теңге болатын бес жобаны жүзеге асырып, 560 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Жыл басынан бері негізгі капиталға салынған инвестициялар 1 трлн. 15 млрд. теңгені құрады.

Еске сала кетелік, бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы брифинг берді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button