Жарнама
Жаңалықтар

Александр Машкевич: ENRC ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жалақыны өсіру туралы тапсырмасын орындауда

 «Өз жұмысымыздың барысында біз әрқашан Елбасы мен Үкіметтің қолдауын сезінеміз. Осыған біз ризамыз. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жалақыны өсіру туралы тапсырмасын орындай отырып, корпорация тағы бір мәрте бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне және Қазақстан халқының әл-ауқатын көтеруге мүдделілігін көрсетеді», – деп атап өтті ENRC-дің негізін қалаушы акционері Александр Машкевич.

Бүгінгі таңда ENRC кәсіпорындарында 65 мың адам жұмыс істейді. Компания жалпы Тау-кен өнеркәсібі кешені тәрізді негізгі өнім түрлеріне деген бағаның төмендеуінен туындаған жағымсыз бәсекелестік жағдайында жұмыс істейді. Осы орайда теңге бағамының өзгеруі кәсіпорындар экономикасын тұрақтандыруға, яғни, өңірлер мен жалпы елдің дамуына жағымды ықпал етуге бағытталған шара болып табылады.

«Ұлттық валютаның нағыз бағамын белгілеу біздің инвестициялық бағдарламаларымызды қайта қарауға және жаңа жұмыс орындарын құруға мумкіндік береді. ENRC-дің қазақстандық кәсіпорындарына капиталдық салымдар 2014 жылы 750 млн АҚШ доллары көлемінде қарастырылған. Соңғы жеті жылда Қазақстандағы өндіріске салынған салымдардың жалпы көлемі 8,2 млрд долларды құрады», – деп атап өтті А. Машкевич. 

Жақында Ақтөбеде жаңа ферроқорытпа зауыты өз өнімін береді. Жобаның құны 843 млн долларды құрап, ҮИИД бағдарламасы мен ENRC-дің инвестициялық бағдарламасына кіреді. Қуаттылығы жылына 440 мың тонна жоғарыкөміртекті феррохромды құрайтын өнідіріс Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттырады.

2012 жылы қиын өндірістік жағдайда ENRC қазақстандық кәсіпорындардағы жұмысшылардың жалақысын 20% өсірген еді. Компания ұжымдық келісымшарттардағы міндеттерді орындауды жалғастырады. Компанияның келісімшарттары әлеуметтік жеңілдіктер мен жұмысшылар және олардың отбасы мүшелеріне арналған кепілдерді қамтып, саладағы үздік келісімшарттардың бірі болып табылады. Бұған қоса, ENRC Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Ақтөбе облыстары әкімдіктерімен әріптестік туралы меморандумдарға қол қояды. Қаражат өңірлердегі әлеуметтік, мәдени және білім беру жобаларына бағытталады. 2013 жылы қол қойылған меморандумдардың жалпы құны 4,7 млрд теңгені құрады.

«Кеншілері мен шахтерлердің ауыр еңбегі лайықты түрде марапатталуы қажет. ENRC-дің әлеуметтік бағдарламалары мен кәсіпорындарымыздағы жалақы төлеудің заманауи жүйелері осыған бағытталған», – деді Александр Машкевич.  

Қосымша ақпарат үшін хабарласыңыз:
ENRC Қазақстан, Астана қ.
Корпоративтік коммуникациялар басқармасы
Тел./факс +7 (7172) 592 153
 
ENRC туралы
ENRC пайдалы қазбаларды қазып алу және байыту саласында жетекші әртараптандырушы компаниялар тобы болып табылады, ол кен қазып алу, өңдеу, энергетика, көлік және маркетинг кәсіпорындарымен интеграцияланған.
Топтың өндірістік активтері негізінен Қазақстан Республикасында орналасқан және құрамына келесі кәсіпорындар кіреді: «Қазхром» ТҰК, Жәйрем КБК, Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі (ССКӨБ), «Қазақстан алюминийі», Қазақстан электролиз зауыты (ҚЭЗ), Еуразиялық энергетика корпорациясы (ЕЭК), Шұбаркөл Көмір және ENRC Logistics. 
Басқа активтер, ең алдымен Өзге түсті металдар бөлімшесі, негізінен Африкада орналасқан және оның ішінде Boss Mining, Camrose, Frontier, SMKK, Dezita, Chambishi Metals PLC мыс пен кобальт активтері, сноымен қатар көмір, марганец, боксит, платина және флюорит өндіру бойынша жобалар бар.
ENRC сондай-ақ Серов ферроқорытпа зауытына, Бразилиядағы темір рудасын барлау  жөніндегі Bahia Minerals BV және Minercao Minas Bahia SA(MIBA) жобаларына, Онтүстік Африкадағы платина өндіру бойынша көшбасшы болып табылатын Northam Platinum Limited-тің 13,5% акцияларына иелік етеді. 
ENRC-де қазіргі уақытта 75 000-нан астам адам жұмыс істейді, оның 69 000-ы Қазақстанда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button