Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Баспаналы болудың тиімді қадамдары

Жеңілдетілген несие арқылы баспана беруді көздейтін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы Атырауда қарқынды жүзеге асып келеді. Бұл туралы сейсенбі күні өткен ҚР Үкіметінің отырысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев та атап айтты. Биылғы жылдың жаз айынан бастап іске қосылған «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы тұрақты табысы бар әр қазақстандыққа мүлде жаңа мүмкіндіктер ұсынып отыр. Президенттің бес әлеуметтік бастамасы аясында жұмысын бастаған жаңа бағдарлама көмегімен үйлі болған атыраулықтардың саны қазір 40-қа жуықтады.

2018100512280875052_ibclu4ym

Алғашқы жарнаны азайтудың екі мүмкіндігі

Ипотекалық тұрғын үй бағдарламасының қолжетімділігін арттыру мақсатында облыста алғашқы жарнаны азайтудың екі жолы қарастырылуда. Яғни, «7-20-25» бағдарламасына қатысушылар бір реттік  әлеуметтік көмекке немесе пайызсыз ссудаға қатыса алады.

Белгілі болғанындай, әлеуметтік көмек несие алушыға бір реттік 1 миллион теңге көлемінде беріледі. Мұндағы мақсат – әлеуметтік көмек беруден білікті мамандардың корпусын жасақтау. Пайызсыз ссуда – алғашқы жарнаның 10%-ын құрайды. Және ол 15 жылға дейін беріледі.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Атырау облыстық филиалы салымшылары – 52 094.

Депозиттік база – 22 млрд. 723 млн. теңге.

Кредиттік  база – 17 млрд. 391 млн. теңге.

Соңғы ресми деректерге сүйенсек, «7-20-25» бағдарламасы аясында бүгінде аймақ тұрғындарынан 80 өтінім түсіп, оның 55-і мақұлданған. Нақты баспаналы болғандардың саны – 38;

Атырау облысының  әкімі Нұрлан Ноғаевтың жергілікті активпен кездесуі кезінде жариялаған мәліметіне сәйкес, алдағы кезеңде Атырау қаласының жаңа ықшамаудандарынан 25 мыңнан аса пәтерлік 430 көп қабатты тұрғын үй құрылысын салу жоспарланып отыр;

Қазіргі таңда жаңадан құрылған «Баспана» акционерлік қоғамы жұмыс істеп жатыр. Институт өзінің акцияларын нарыққа шығара отырып, инвестициялар тартады. Инвестициядан түскен қаражатты екінші деңгейлі банктерге үлестіре отырып, рәсімделген несиелерді сатып ала алады. Ескерерлігі, үйді үміткер салынып жатқан немесе құрылысы аяқталған кешендерден таңдайды;

«7-20-25» бағдарламасының операторы ретінде жеті банк белгіленіп отыр. Олар – «Банк Центр Кредит», «Евразия», «АТФ», «Цесна Банк», «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «РБК» және «Халық Банкі».

 «7-20-25» бағдарламасы бойынша несие алудың бірнеше негізгі критерийлері бар:

Қазақстан Республикасының азаматы болу;

Еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен тұрақты табыстың болуы;

Алдын-ала төлем сомасының болуы;

Ипотекалық қарыздардың болмауы;

Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үйдің жоқтығы.

2018 жылы облыста құрылысы басталған үйдің саны – 44 көп қабатты үй. Ондағы пәтерлер саны –  3892, биылғы пайдалануға берілетін үй саны – 34.

Біле жүріңіз!

Қарыз алушының тиісті табысының деңгейі болмаған кезде бірлескен қарыз алушыны (жұбайын, ата-анасын, досын) біріктіруге болады, оларға жоғарыда қойылатын талаптар айтылмайды. Сондықтан, екінші деңгейдегі банктер бірлескен қарыз алушыны/қосалқы қарыз алушының табысын растау үшін басқа құжаттарды талап етуге құқылы.

 «Нұрлы жер»

—  Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында Атырау аймағында 630 адам пәтерлі болды. Олар рәсімдеген ипотекалық несие көлемі – 6 млрд. 300 млн. теңгені құрады. Тарқатып айтар болсақ, бір ғана «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 1 млрд. 291 млнтеңге көлемінде тұрғын үй заемы рәсімделді;

Қазіргі таңда тағы да 21 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жоба бойынша, 13 үй Береке, 8 үй Нұрсая ықшамауданынан берілуі тиіс;

—  «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы қаржыландырылған кредиттік тұрғын үй бағыты бойынша 12 жаңа үйдің құрылысы аяқталды. Оның ішінде, 4 үй Балықшы поселкесінен, 2 үй Вокзал маңы мөлтекауданынан, 6 үй Тұлпар-2 ауданынан берілді. Осылайша 677 отбасы қоныс тойын тойлады;

— «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Атырау қаласының Талғайраң елдімекенінен үш типтік жоба бойынша үйлер салына бастады. Жаңа баспана барлығы 80 жер учаскесіне тұрғызылады деп күтілуде. Тұрғын үйдің бір шаршы метрінің бағасы 120 мың теңге.

 «Жас отау» тоқтатылады

29 жасқа дейінгі жастарды қолжетімді баспанамен қамтуға арналған «Жас отау» бағдарламасы келесі жылдан бастап тоқтатылады.  Бұл туралы аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев жастар кеңесінде мәлімдеді.

«Құрылысы жергілікті бюджет есебінен салынатын «Жас отау» бағдарламасының өзіндік шарты бар. Мұндағы тұрғындар пәтердің алғашқы жарнасын төлеуі тиіс. Ал, бүгінде баспанаға қолы жетіп қоныстанып алғандардың 40 пайызы бұл төлемдерді өтемей отыр. Ұйымдастырылған конкурстан өтіп, тұрғын үй алған азамат шартта көрсетілген өтемдерді төлеп, бұл қаржыға бағдарлама арқылы келесі үй салынуы қажет болатын. Өкінішке орай, «жасотаулықтардың» осынау әрекеті бағдарламаны жалғастыруға кедергі болуда», – деді аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев.

Ендігі уақытта жастарға «Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы, «7-20-25» бағдарламалары арқылы тұрғын үй алуға мүмкіндік бар.

Атап өтерлігі, бастапқы жарнасыз үй алуға арналған «Жас отау» бағдарламасы Атырауда 2013 жылдан бері жұмыс істеп келген еді. Бағдарлама аясында 2015 жылы 90 пәтерлік және 2017 жылы 120 пәтерлік үй берілді.

Мемлекеттік бағдарлама аясындағы пәтерлер құны:

 1 бөлме, 45 ш.м. – 6,5 млн. теңге;

2 бөлме, 65 ш.м. – 9 млн. теңге;

3 бөлме, 85 ш.м. – 12 млн. теңге;

2015-2017 жылдар қорытындылары:

Барлық санаттағы отбасыларға тапсырылған пәтер саны – 900. Жас отбасыларға тапсырылған пәтер саны – 324

2018 жылдың алғашқы жартыжылдығы бойынша:

Баспаналы болған отбасылар саны – 630. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында баспаналы болғандар саны – 161.

Берілген заем көлемі –  1 млрд. 291 млн. теңге.

Дайындаған: Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button