
Жаңалықтар
Баспана бағасы қымбаттады
Елімізде пәтер бағасы былтырғы жылмен салыстырғанда 14 пайызға қымбаттаған.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылдың ақпан айы мен биылғы ақпан айларының аралығында пәтерлерді қайта сату бағасы – 13%, жаңа тұрғын үйлерді сату 14% қымбаттады.
Ал абаттандырылған тұрғын үйді жалға алудың бағасы өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 33,8% өскен.
Былтыр Ақтөбе (25,4%), Ақтау қалаларында үйдің бағасы (25,2%) едәуір көтерілген. Сонымен қатар Семейде баспана 41%, Қызылордада 39,9 %, Ақтөбеде 36,9%, Қостанайда 30,9% қымбаттаған.
Тұрғын үйді жалға алу бағасы Көкшетауда 53,7%, Қостанайда 51,9%, Алматыда 49,6%, Петропавлда 49,3% өскен.