Атырау пробация қызметі еріктілермен бірлесіп көпбалалы әйелге үй сыйлады

img 20201102 wa0031 Жаңалықтар

Atr.kz/2 қараша, 2020 жыл. Атырау қалалық пробация қызметі «Харекет» қайырымдылық қорымен бірлесіп өздерінің есебінде тұрған сотталған көпбалалы әйелге 4-бөлмелі үй алып берді. Көптен күткен баспананың кілтін облыстық пробация қызметінің бастығы Нұрлан Қаболов табыстады.

Пробация қызметінің мәліметінше, 35-жастағы 6-балалы жалғызбасты әйел ҚР ҚК 188 (Ұрлық) бабымен істі болған. Сондай-ақ, ІІІ топ мүгедегі ретінде есепте тұр.

  • Әр адам қателік жасайды. Бірақ жасаған қателіктеріне қарамай, біз оларға қол ұшын созуымыз керек. Осы азаматшаның қиын жағдайға тап болғанын көріп, қайырымдылық қорларымен байланысып, «Харекет» қайырымдылықтық қорының еріктілерімен бірге 4-бөлмелі үй алдық. Осы игі іске қолдау көрсеткен барша мейірімді жандарға алғысымыз шексіз,-дейді пробация қызметінің инспекторы Жарқынай Бақтиярова.

Көпбалалы әйелге көмек осымен тоқтап қалмақ емес. Атырау қалалық пробация қызметі әйелдің балаларына қажетті көмекті көрсетіп, игі іс жалғасын табады.

img 20201102 wa0032
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз