Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

9 ақпан — Мұқағали Мақатаевтың туған күні

Бүгін қазақ поэзиясына ерекше серпін әкелген ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 93 жыл толды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Мұқағали Мақатаев 1931-ші жылы 9- ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген.

Ақиық ақын «Социалистік Қазақстан» газетінің, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет атқарды. Ақын поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры – туған елі, өскен жері, замана тынысы.

Оның «Қарлығашым, келдің бе?», «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің», «Соғады жүрек», «Шолпан» және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, «Қош, махаббат!» атты прозалық кітаптары бар.

Мұқағали Мақатаев – қазақ халқының шоқтығы биік ақыны. Бүгінде оның жырлары миллиондаған оқырманның жүрегіне жол тапты. Мыңнан астам өлең мен повесть, поэмаларды дүниеге әкелді.

Ал оның аудармашылық талантының арқасында қазақ қоғамы Шекспирдің сонеттері мен Дантенің «Құдіретті комедиясын» оқыды. Дәл осы қырықтың бесеуінде ұйықтап кетсем болғаны төсегімде деп өз өлімін болжаған ақынның туған күні бүгін. Қырық бес жасында бақиға аттанғанымен халқының жүрегінен өшкен емес. Жастың да, кәрінің де жырға құмар ағайынның бәрінің де Мұқағали есінде…

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button