Жаңалықтар
Бақсай су арнасында балық шабақтарын құтқару жұмыстары жалғасуда
Атырау облысындағы Бақсай су арнасында балық шабақтарын құтқару жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Су арнасында балық шабақтарының жиналуы 13 қаңтарда анықталып, дереу шаралар қолға алынды.
Облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиевтің мәлімдеуінше, 16 қаңтарға дейін 1,2 миллионға жуық шабақ құтқарылып, тірі күйінде Жайық өзеніне жеткізілді. Құтқарылған қарабалық пен сазан шабақтарының салмағы шамамен 5-6 граммды құрайды.
Қазір құтқарылған балық шабақтарының жалпы саны 3,2 миллионға жетіп отыр. Іс-шараларға 40 адам және 7 техника жұмылдырылған.
Бұл жағдай облыстық әкімдік тарапынан ерекше бақылауға алынған.
А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ