Атыраудың «Інжу-Маржаны»

aprararrara Жаңалықтар

«Інжу-Маржан» ЖШС-і  балық аулап және оны өңдеумен айналысады. Балық  өнімдері қауіпсіздік талабын куәландыру үшін Атырау филиалының Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығынан өтеді.

Серіктестік 2008 жылдан бастап, жобалау, дайындау, мұздатылған, тұздатылған, кептірілген балықты өндіру және жеткізу бойынша СТ РК ИСО9001-2001 сапа менеджмент жүйесінің талаптарына сәйкес екендігін куәландырды.

Ал 2010 жылы ол СТ РК ИСО 9001-2009 сапа стандартына ауыстырылды. 2012 жылы сапа менеджмент жүйесінің талаптарына сәйкес балықты және  балық өнімдерін өңдеу және сату   үшін СТ РК ИСО 22000-2006 (НАССР) жүйесі енгізілді.

Жыл сайын олар өздерінің мың тоннадан астам тауарын жергілікті тұрғындармен қатар, Еуропа елдеріне ұсынуда.

 «Інжу-Маржан» ЖШС-і балықшылары 2020 жылғы  күзгі  балық аулау  маусымын ойдағыдай аяқтады.

Сондай-ақ  қаламызда  сенбі-жексенбіде өткен ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесіне белсенді қатысып,  өз балық өнімдерін сатуда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз