whatsapp image 2019 12 12 at 15.14.35 1

Атырау тұрғындарының 80% -ы медицина жүйесінде сақтандырылған

Жаңалықтар

Atr.kz/12 желтоқсан, 2019 жыл. ҚР  Денсаулық сақтау министрлігі  Атырау облысында МӘМС енгізуге дайындығын тексерді, – деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жиынға «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры  Байтолла Ғазизов, ҚР ДСМ Цифрландыру департаментінің директоры Бейбіт Есембаев, Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары  Амангелді Мұратов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ медициналық көмек сапасын мониторингілеу департаментінің аға менеджері Сәбит Құралбек  және облыстық медициналық ұйымдарының басшылары қатысты. 
Жиналыс барысында олар атыраулықтардың медициналық сақтандыру жүйесімен толық қамту мәселелерін шешудің, барлық медициналық мекемелердің ақпараттық жүйелерін ықпалдастырудың және аймақтың әрбір тұрғынының сақтандыру мәртебесін айқындаудың маңыздылығын атап өтті.
– Әрбір тұрғынға МӘМС  туралы хабарлау маңызды. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандармен және жұмыссыздармен жұмысты жандандыру қажет, сондықтан, ешкім медициналық көмексіз қалмайды.Қалған уақытта медициналық персоналмен және емханалармен жұмысты күшейту керек , – деді ҚР ДСМ Цифрландыру департаментінің директоры  Бейбіт Есембаев . 
Мамандардың пікірінше, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізумен республикадағы медициналық көмекті қаржыландырудың жалпы көлемі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір жарым есеге артып, 1 569 млрд. теңгеге дейін жетеді.
-Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, бүгінгі таңда облыс халқының  80% -ы МӘМС жүйесінде шартты түрде сақтандырылған. «Шартты түрде сақтандырылмаған» санатына облыс халқының  7% немесе олардың мәртебесін айқындау бойынша 13 мың адам кіреді. Қалған барлық азаматтар медициналық сақтандыру жүйесінде өз жарналарын төлеу арқылы, соның ішінде жүйеге қатысатын барлық медициналық ұйымдарда орнатылуы жоспарланған төлем терминалдары арқылы медициналық көмек ала алады, – дейді Атырау облысы бойынша денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Амангелді Мұратов.
Облыста МӘМС енгізуге техникалық дайындық жоғары деңгейде.  Медициналық ұйымдардағы барлық жұмыс орындары компьютерлік техникамен жабдықталған, барлық мемлекеттік медициналық ұйымдар қажетті ақпараттық жүйелерді енгізді. Әзірге жеке медициналық қызметтерді жеткізушілер арасында ақпараттық жүйелердің қолжетімділігі  100% құрайды және бұл бағыттағы жұмыстар 2019 жылғы 1 желтоқсанда аяқталған. 
Айта кетейік, 2020  жылдан бастап «Saqtandyrý» ақпараттық жүйесі енгізіледі. «Saqtandyrý» ақпараттық жүйесінен тұрғынның сақтандырылғаны немесе сақтандырылмағаны жайлы мәліметтерді сұратады. Сол бойынша медициналық көмек кепілдендірілген тегін медициналық қызметтердің есебінен немесе кеңейтілген сақтандыру пакеті есебінен төленеді.

whatsapp image 2019 12 12 at 15.14.35

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған