Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Банктер карточкамен төлем қабылдауға алынатын комиссияны төмендетті

Аtr.kz/23 сәуір, 2020 жыл. Қазақстан Ұлттық Банкінің мәлімдеуінше, банктер карточкамен төлем қабылдау үшін алынатын комиссия мөлшерін төмендетті.

Бұл жеңілдік биылғы 1 мамырдан бастап күшіне енеді және экономиканың маңызды әлеуметтік мәні бар жекелеген салаларын қозғайды. Бұлар – білім беру, медициналық қызметтер, дәріханалар, тұрақ орындарына, ақылы жолдарға ақы төлеу, ауыл шаруашылығы сервистері, жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелер.

Ұлттық Банк осы өзгерістерді қабылдау үшін халықаралық төлем жүйелерімен және екінші деңгейдегі банктермен арнайы жұмыс жүргізді. Нәтижесінде, енді «Visa» және «Мastercard» халықаралық төлем жүйелері банкаралық комиссияның мөлшерлемесін қазақстандық банктер үшін екі есе, яғни, 1%-ға дейін, ал, фармацевтика сегментінде  1,3%-ға дейін төмендетеді.

Игі бастаманы қолдаған мекемлер қатарында – «Қазақстан Халық Банкі», «Kaspi Bank», «Forte Bank», «Сбербанк», «АТФБанк», «Банк ЦентрКредит», «Jysan Bank», «Еуразиялық банк» акционерлік қоғамдары бар. Бұл екінші деңгейдегі банктерге эквайрингтік (карточкалық төлем жүйесі) қызмет нарығының 96%-ы тиесілі. Аталған қаржы институттары сауда комиссиясын орташа алғанда 35%-ға төмендетеді. Мұндай мүмкіндік кәсіпкерлер мен азаматтарға банктік комиссия бойынша өз шығыстарын төмендетуге мүмкіндік бермек.

Сайып келгенде, бизнес субъектілерінің шығыстары жылына 2 миллиард теңгеге дейін үнемделеді деген болжам бар. Сондай-ақ, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы «көлеңкелі экономиканың» тамырына балта шабуға да болады.  

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button