Атырауда тек қазақ тілін ғана түсінетін ит көпті таңғалдырды (+ВИДЕО)

news full1574413185ae8d81ef08ddfd5724d9ec334cc25750 БЕЙНЕЖАЗБА

Atr.kz/25 қараша, 2019 жыл. Қазақша түсінетін қызметтік ит Атырауда. Оның елордадан өңірге ауысқанына бір айға жуық уақыт болған. Қазіргі көрсеткіші гиннестің рекордтар кітабына енген голландиялық төбеттің деңгейіне жетіп қалыпты.

Елдос Жұманбетов Жанды күшік кезінен асыраған. 2017 жылдан бері бірлесе жұмыс істеп келеді, деп хабарлайды «Qazaqstan Atyrau» арнасы.

https://youtu.be/FIW2P2qTKnc

Кинолог маман ерекше жануардың сезім мүшелерін дамытып, қызметке араластыруға 3 ай жұмсапты. Жан өте тілалғыш. Берілген тапсырмаларды мүлтіксіз орындайды. Және бір ерекшелігі ол қазақша түсінетін ит. Тек қазақша берілген тапсырмаларды орындайды. Орысша айтылған бұйрықтарды атқармайды.

Жан өзін сан қырынан көрсетіп, талай қылмыскердің жолын кесті. Қызметтегі иттер 8 жасында зейнетке шығады. Ал, Жанның жасы 13-те. Соған қарамастан оған тең келер ит жоқтың қасы. Жан күніне бір рет тамақтанады. Салмағы 45 келіден өзгермейді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз