Махамбет ауданына жаңа әкім тағайындалды

WhatsApp Image 2018 06 12 at 16.44.19 1 Жаңалықтар

Бүгін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Махамбет аудандық мәслихат депутаттарына өз еркімен лауазымын босатқан Сырым Рысқалиевтің орнына жаңа аудан әкімінің кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-06-12 at 16.44.19 (1)

Облыс әкімі Сырым Рысқалиевке атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, жаңа қызметіне табыс тіледі. Cондай-ақ, аймақ басшысы депутаттарға ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген Жәрдемғали Ахметовті таныстырды. Депутаттар кандидатураны бірауыздан қолдады.

WhatsApp Image 2018-06-12 at 16.44.19

Жәрдемғали Ахметов – 1984 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын «экономика және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген. Мемлекеттік қызметте ұзақ жылғы еңбек өтілі бар. Ол 1976-1978 жылдары Кеңес Әскері қатарында міндетін өтеген, 1984 -2012 жылдары Жылыой ауданында қатардағы экономистен бастап аудан әкімінің орынбасарына дейінгі лауазымда мемлекеттік қызмет атқарған, 2012 жылы Исатай ауданының әкімі болып тағайындалды. Ал 2013 жылдың мамыр айында Атырау облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына басшы болса, осы жылдан бүгінгі күнге дейін Жылыой ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет етті.

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз