Азат елімді мақтан етемін

607b2005b82a54be85fef2ed982 Жаңалықтар

607b2005b82a54be85fef2ed982

Тәуелсіздік құрдастары осылай толғанады

Оразғалиева-Ару-91

Аругүл ОРАЗҒАЛИЕВАҚызылқоға аудандық орталық ауруханасының жалпы тәжірибелі дәрігері:

−   Қазіргі тәуелсіздік таңында аудандық ауруханада адам жанының арашашысы болып еңбек етемін. Бұл мамандықты таңдауыма бірден-бір себепші әкем еді. Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарында еңбек еткен әкем Қуаныш Оразғалиевті ауданда білмейтін адам жоқ болар, сірә. Себебі, ол терапевт ретінде ешқандай аппаратсыз және талдау қорытындысыз дәл диагноз қоятын еді.

Ал, 2016 жылы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін аяқтадым. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихында жастардың ойып тұрып орын алуға мүмкіндік туғызған «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша Қызылқоға ауданына дәрігер болып келдім. Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын әкемнің жолын жалғастырып, ел игілігіне өз үлесімді қосып жүрмін.

Сұлтанғалиев-Руслан-91-1

Руслан СҰЛТАНҒАЛИЕВДина Нұрпейісова атындағы академиялық ұлтаспаптар оркестрінің әртісі:

− Студент кезімнен, яғни 2008 жылдан бері жұмысқа орналастым. Биыл оркестрде қызмет атқарғаныма 10 жыл болыпты. Осы жылдары Германия, Венгрия, Франция, Сербия, Түркия, Ресей елдерін аралап, оркестрмен бірге Қазақстанды әлемге таныттық.

Негізгі мамандығым – соқпалы аспаптың маманы. Бірақ, оркестрде бірде аспапта ойнасам, бірде өлең айтамын, кейде концертмейстер де боламын. «Жігітке жеті өнер де аз» демекші, «SARMAD» этно-фольклорлы ансамблінің құрамында да өнер көрсетемін.

Тәуелсіздік халықтың көңілі қалаған ісімен айналысуына зор мүмкіндік берді. Қазір еңбек етем деген адамның қолын ешкім қақпайды. Еңбектеніп, өзін жан-жақты дамытамын дегендерге қолдау көрсетіледі. Өз тарапымнан қазақ өнерін дамытуға қолымнан келгенше үлес қосуды жалғастыра бермекпін.

Жылкибаева-Гулмира-91

Гүлмира ЖЫЛҚЫБАЕВАМахамбет аудандық орталық ауруханасының дәрігераудиті:

-Тәуелсіздік таңында дүниеге келген перзент ретінде еліміздің барлық жетістігін мақтан тұтамын. Себебі, қазір ел медицинасы жылдан-жылға қарқынды дамып келеді. Осы жылдар аралығында Қазақстанда 1312 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді. Кезінде шетелде жасайтын күрделі оталардың басым бөлігін еліміздің «алтын қолды» дәрігерлері абыройлы атқарып жүр. Салаға озық технологияларды енгізіп, әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерімен теңесетін дәрежеге жеттік.

Өзім еңбек етіп жүрген медицина саласын әрі қарай дамытып, Корея, Сингапур, Германия сынды мемлекеттер медицинасының деңгейіне жеткізуге өз үлесімді қосқым келеді. Бұған тәуелсіздігіміз зор мүмкіндік беріп отыр.

Қалиев-Жандос-91

Жан ДОСҚАЛИЕВАтырау қалалық әкімі аппараты мемлекеттікқұқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы:

–Мен де – ертеңі жарқын егемен елдің құрдасымын. Бағымызды да, бақытымызды да асыратын Тәуелсіздік мерекесі мен үшін ерекше ыстық.

2013 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша аяқтадым. Қазір білекке емес, білімге сенетін заман. Сондықтан, мемлекеттік қызмет саласында тәжірибе жинау мақсатымен қала әкімі аппаратына қызметке орналастым. Жалпы, еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін паш ету, біртектілік пен бірлікті нығайту, егемен еліміздің жарқын істерін халық арасында кеңінен насихаттауды азаматтық парызым деп білемін.

Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен осы жылдар ішінде мемлекетіміз қарқынды дамудан жаңылған емес. Бұл – тұрақты саясат пен ішкі бірліктің жемісі.

Тілепқалиева-Дана-91

Дана ТІЛЕПҚАЛИЕВАИсатай ауданы, Х.Ерғалиев ауылындағы Ғ.Мәсәлімов атындағы орта мектептің мұғалімі:

−  2012 жылы Х.Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университетін география бакалавры мамандығы бойынша тәмамдадым. Содан бері ауыл мектебінде басталған еңбек жолымды жалғастырып келемін.

Егемен елдің болашағы білімді де саналы ұрпақтың қолында екені даусыз. Осы орайда білімім мен тәжірибемді шәкірттерімнің санасына сіңіріп, мемлекетіміздің дамуына үлесімді қосуды парызым деп білемін.

Тәуелсіздік құрдасы екенімді мақтан етемін. Бақытты жанмын. Жаңа ғасырда көк байрағы желбіреген, абыройлы да айбынды еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай!

Сүйеуов-Абылай-91

Абылайбек ХАЛЫҚОВИндер ауданындағы көпбейінді ауыл шаруашылығы колледжінің өндірістік оқыту шебері:

− Орал қаласындағы инженерлік технология колледжінде оқып, бағдарламашы-компьютер маманы кәсібін игеріп шықтым. «Дені саудың – жаны сау» демекші, жастайымнан спортты серік етіп келемін. Екі жыл қатарынан ауданның шахматтан, волейболдан чемпионы атандым. Ал, облыста колледж мұғалімдері арасынан жүлделі орынға ие болдым.

Бүгінгі күні ата-анамның амандығына, қасымда жұбайым мен ұл-қызымның барына тәубе етемін. Тәуелсіздіктің арқасында іргеміз бүтінделіп, еңсеміз көтерілді. Қайда жүрсем де Тәуелсіздіктің құрдасы ретінде елімнің өркендеуіне үлес қосуды көздедім. Ғасырлар бойы ата-бабамыз аңсаған Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!

 Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Еңлік

    Тәуелсіздік сияқты еркін ойлайтын тәуелсіз жастардың ойы мен біліміне шын мәнінде қуанамыз. Олардың алға шығып, ел ісіне, қоғам қызметіне араласуы өте заңды. Олар кемел елдің бүгінгі жастары.