Индерборда карантин жарияланды: көпірге жол жабық (+Қаулының толық нұсқасы)

863541 1480932132 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/18 маусым, 2020 жыл. Бүгін Индер ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Шолпан Ержанованың Қаулысы шықты.

«ATPress.kz»-тің хабарлауынша, бұл ақпаратты Индер ауданы әкімінің орынбасары растап отыр. Карантиндік шаралар 19 маусым сағат 00.00-ден бастап шамамен 2 шілдеге (аудандағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты) дейін енгізіледі.

Ал, жалпылай алғанда, қойылатын талап бұрынғыдай Атырау қаласындағыдай, яғни, кіре-беріс қақпаны арнайы блокбекеттер күзетеді, қозғалысқа, көпшілік шаралар өткізуге, кәсіпорындар мен ШОБ нысандарының қызметіне шектеу немесе бірен-саран тыйым салынады және т.б.

Ең бастысы, Атырау-Орал тасжолымен («махамбеттік» бағытта) жүру керек. Өйткені, аудан орталығының өзіндегі көпірмен жүру енді мүмкін емес. Ал, жақын маңдағы көпір тек өзеннің арғы бетіндегі көршілес Махамбет ауданының орталығында ғана орналасқан.

Аман ШАМАР

Төменде Қаулының толық нұсқасын ұсынамыз:

Индер ауданы халқының арасында коронавирусты инфекцияның (COVID-19) таралуының алдын алу және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету туралы

Мен, Индер ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ержанова Шолпан Абаевна «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 150 бабына сәйкес, Атырау облысының халқы арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – КВИ) таралуына жол бермеу және адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Индер ауданы аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуі мен COVID-19 сырқаттанушылығының өсу деңгейін ескере отырып ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Индербор кенті аумағында 2020 жылыдң 2-шілдесіне дейін карантиндік шектеу шаралары жариялансын.
  2. 22:00-ден 06:00-ге дейін Индербор кентінде жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдарының, жедел және шұғыл медициналық қызмет көрсету қызметкерлері, мемлекеттік медициналық мекемелер, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, өрт сөндіру, авариялық-құтқару және авариялық-техникалық қызметтер, сондай-ақ стратегиялық маңыздағы нысандарға өндірістік қызмет көрсететін және өмірді қамтамасыз ету нысандары қызметкерінен қызметкерлерді қоспағанда азаматтар мен көліктердің қозғалысына толықтай тыйым салынады;
  3. Индербор кенті аумағына аудан орталығында жұмыс жасайтындарды, шұғыл медициналық көмекке жүгінгендерді қоспағанда, аудан аумағындағы ауылдық округтерден, басқа да қалалалар мен аудандардан көліктердің, азаматтардың кіріп-шығуына тыйым салынсын. Индербор кентінің кіреберістеріне блокпосттар қойылсын. Облысаралық, республикалық бағыттағы автокөліктер Индербор кентінен айналып өтіп, Атырау-Орал тасжолы арқылы жүргізілсін.
  4. Индербор кенті тұрғындарына сағат 06:00 және 22:00 аралығында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, міндетті түрде маска тағып, 1,5-2 метр ара қашықтықты сақтап тұрғылықты жерінен шығуға, жүруіне рұқсат берілсін;
    Азаматтардың қозғалысы жұмысқа баруға, азық-түлік, дәрі-дәрмек,
    бірінші қажеттіліктегі заттарды, рұқсат берілген қызмет түрлерін алуға
    (тұрғылықты жеріне жақын маңдағы), шұғыл жағдайлар бойынша дәрігерлік
    көмек алуға байланысты қозғалысына, азаматтарға қызметтік, жеке, қоғамдық
    көлікпен жүруіне рұқсат берілсін;
  5. 2020 жылдың 19 маусымнан сағат 00:00-ден бастап күшейтілген
    санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, келесі
    уақытша шектеулер белгіленсін (22.05.2020 ж. №37 және 30.05.2020 ж. №38
    ҚР БМСДҚ алгоритміне сәйкес):
    1) жиналыстарды, кеңестерді, семинарларды, конференцияларды селекторлық
    режимде және бейнеконференцбайланыспен өткізу арқылы мемлекеттік
    органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің 50%-ын
    «қашықтықтан» жұмыс жасау формасына ауыстыру;
    2) ХҚКО онлайн режимінде қызмет көрсетуге өту, онлайн режимде көрсетілуі
    мүмкін емес қызметтерді алдын-ала жазу бойынша жүзеге асыру (сағат 10.00-ден
    17.00-ге дейін);
    3) азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың қызметі сағат 10.00-ден 15.00-ге
    дейін;
    4) супермаркеттер және басқа да азық-түлік дүкендері сағат 09.00-ден 20.00-ге
    дейін (азық-түліктерді сату көкөніс пен жемістерді қоспағанда, тек өлшеп
    салынған түрде жүзеге асырылады);
    5) қоғамдық тамақтану нысандары (мейрамханалар/ барлар/ кафелер/ асханалар
    және басқалар) бір уақытта 30 адамнан аспайтын келушілер санымен, үстелдер
    арасындағы қашықтықты 2 метрден кем емес сақтауды қамтамасыз ету, бір
    үстелге отырғызу 4 адамнан аспауы тиіс, сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін;
    6) Азық-түлік емес сауда нысандары (сауда орталықтары, сауда үйлері,
    дүкендер), сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін; ұялы телефондарды, басқа да
    техниканы жөндеу, тігін ательелері, фотосалондар және т. б.
    7) шаштараздар, сұлулық салондары барлық қызмет түрлері алдын алу жазылу
    бойынша сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін;
    8) білім беру орталықтары, үйірмелер, балаларды дамыту орталықтары (10
    адамнан көп емес), сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін;
    9) спорт нысандары (тек ашық ауада) 30 адамға дейін спортшылар үшін
    көрерменсіз сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін;
    11) мәдениет нысандары қызметкерлерге үшін 30 адамға дейін, көрерменсіз сағат
    10.00-ден 20.00-ге дейін;
  6. Индербор кентінің әкімдігіне:
    1) ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ
    отбасылық, еске алушараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас
    берулер), соның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды
    өткізуге тыйым салынсын;
    2) қоғамдық орындарға, оның ішінде алаңдарға, саябақтарға, жағалауларға
    баруға тыйым салынсын;
    3) меншік нысанына қарамастан барлық мектепке дейінгі балалар ұйымдарының
    қызметіне тыйым салынсын;
    4) діни нысандар қызметіне және халықтың онда баруына тыйым салынсын;
    5) Эпидемиологиялық ахуалға қарсы шаралардың орындалуын бақылау және мониторинг жасау жұмысына тартылған мобильдік топтардың рұқсат берілген нысандардағы кемшіліктер туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат тарату жұмысы ұйымдастырылсын.
    6) 22.05.2020 жылғы №37 ҚР БМСДҚ №18 қосымшасына сәйкес қоғамдық және адамдар көп шоғырланатын орындарда дезинфекциялық шараларды жүргізу;
    7) 22.05.2020 жылғы №37 ҚР БМСДҚ №15 қосымшасына сәйкесқоғамдық көлік барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, сағат 06:00-ден 22:00-ге дейін шектеулі режим шеңберінде әрекет ететін болады;
  7. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың, өндіріс нысандарының басшыларына:
    1) 2020 жылдың 2-шілдесіне дейін өндірістік нысандарда, кеңседе және өзге де үй-жайларда санитарлық-гигиеналық шараларды күшейту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және жергілікті атқарушы органға ұсынсын;
    2) Қызметкерлердің 50% – ын қашықтықтан жұмыс режиміне ауыстыру.
  8. Индер аудандық Полиция бөлімшесі қамтамасыз етсін:
    1) Индербор кентіне кіреберістердегі блок-посттардың жұмысын ұйымдастыру.
    1) COVID-19 бойынша карантиндік, провизорлық стационарларды үй карантинін күзету;
    2) Индербор кенті аумағында карантиндік шектеу шараларын бұзушыларға қатысты әкімшілік шаралардықолдану және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
    3) отбасылық, еске алу шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас берулер) үйде өткізуге жол бермеу;
    4) жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп, мониторингтік топтардың құрамында карантиндік шектеу шараларының бұзылуының алдын алу және жолын кесу бойынша жұмыстарды жүргізсін.
  9. Ішкі саясат бөліміне:
    1) БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы тұрғындарды эпидемиологиялық жағдай, қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы кеңінен ақпараттандыруды жүзеге асыру;
    2) эпидемиологиялық жағдайдың өзгеруі мен науқастар санының өсуін есепке ала отырып, БАҚ-тың жұмысын бірыңғай үйлестіруді және орталықтандыруды қамтамасыз ету.
  10. Аудандағы эпидемиологиялық ахуал тұрақсызданған жағдайда карантин шараларын ұзарту туралы құқықты өзімді қалдырамын.
  11. Аталған қаулының орындалуын өзіме қалдырамын.
  12. Аталған қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Шолпан ЕРЖАНОВА,

Индер ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз