Жарнама
Жаңалықтар

Азаматтық парыз бәрінен де биік

Атырау қаласындағы №37 референдум учаскесі шаһардағы Жамбыл Жабаев атындағы №21 орта мектеп ғимаратында орналасқан. Байқағанымыздай, мұнда таңғы сағат 7-де Қазақстан Республикасының Гимні шырқалып, дауыс беру басталып кетті.

Учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Айгүл Елемесқызының айтуынша, учаскеде барлығы 2020 дауыс беруші бар. Оның ішінде 14 мүмкіндігі шектеулі адам тіркелген. Учаскеге саяси партиялардан, үкіметтік емес ұйымдардан және еріктілер қатарынан байқаушылар тіркелген.
Алғашқылардың қатарында дауыс беруге қатысып, өз таңдауын жасағандардың бірі – Валерий Бочков. Ол Атырау мұнай өңдеу зауытында жұмысшы болып еңбек етеді. Учаскеге алғашқы болып өзінің таңдауын жасаған ол «қоғамның болашағын айқындау үшін мұндай саяси шаралардың маңызы зор» деген пікірде. Сол себепті референдумға қатысуды азаматтық парызы санапты.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button