ЖаңалықтарҚұқық
Қазақстанның екі азаматы Мәскеуде өлі күйінде табылды
Мәскеуде Қазақстанның екі азаматы «ГАЗель» автокөлігінде өлі күйінде табылды. Зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған деп хабарлайды РЕН ТВ арнасына сілтеме жасап NUR.KZ.
БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, көлікте табылған қазақстандықтар Дмитровск ауданына тауар алуға барған.
34 жастағы Виктор М. мен 20 жастағы Алексей Б. есімді ер адамдарды полиция қызметкерлері «Деловые Линии» компаниясының автотұрағында тауып алған.
Құқық қорғау органдары аталмыш факт бойынша тергеу жүмыстарын жүргізіп жатыр.