Жарнама
ЖаңалықтарЭкономикаҚоғам

Махамбет ауданында бір жылда 18 кәсіпкерлік нысан пайдалануға берілді

Махамбет ауданында өткен жылы 18 шағын кәсіпкерлік нысаны пайдалануға берілген. Мұның өзі өңірде бизнестің өркендеп келе жатқанының көрінісі болса керек.

19 full
Фото — wikimapia.org

         Ауданда өндірілген жылдық өнімнің көлемі 9 млрд. 16 млн. теңгені құраса, онда жергілікті кәсіпкерлер үлесінің мол екендігі даусыз. Қазір мұнда кәсіп иелерінің саны 1800-ден асса, солардың ішінен 100-ге жуығы былтыр жалпы сомасы 620 млн. теңге несие алып, өз істерін ашқан. Мәселен, Сарайшық ауылдық округінің аумағынан 1 гектарға 750 түп лимон ағашы отырғызылды. Ал, Алмалыда 2000 тонналық көкөніс қоймасы салынса, Берекеде мал сою және өңдеу цехы іске қосылды.

Дәулетқали АРУЕВ,

Махамбет ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button