ЕЛБАСЫ ШЕШІМІ – ЕЛ МҮДДЕСІ ҮШІН!

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 5-ші шақырылымдағы Парламент Мәжілісін тарату туралы Жарлыққа қол қоюына, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындауға байланысты

 

ХАЛЫҚҚА ҮНДЕУІ

Мен Парламент Мәжілісі депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және жаңа сайлау тағайындау туралы ұсынысын талдап қарадым.

Бұл күндері менің атыма бастамаға қолдау көрсеткен көптеген хаттар мен жеделхаттар келіп түсті. Кезектен тыс сайлау өткізу қажеттігі туралы пікірді саяси партиялар мен кәсіподақтар, үкіметтік емес ұйымдар, кәсіпорындардың, мекемелер мен оқу орындарының еңбек ұжымдары құптады. Сондай-ақ, оған ардагерлер мен жастардың ұйымдары, бизнестің, ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның өкілдері, көптеген жеке азаматтар қолдау білдірді. Менің атыма келіп түскен бұл үндеулерде келтірілген барлық дәлел-дәйектемелер маған түсінікті. Оларда елге деген қамқорлық, саяси нау-қанды тездетіп аяқтауға және қойылған міндеттерді іс жүзіне асыруға кірісуге деген қажетсіну бар.

Бүгінде біздің ел күрделі жаһандық саяси және экономикалық үдерістерге тартылып отыр. Энергия қуатын беретін өнімдер бағасының құлдырауы нәтижесінде көптеген елдерді жайлаған экономикалық дағдарыс бүкіл әлемдік экономикаға және оның ажырамас бөлігі ретінде біздің елімізге де елеулі ықпал етуде. Осы бір қиын уақыт ел алдына өте күрделі міндеттер мен сын-қатерлерді тосып отыр.

Халықаралық ахуал да күрделілене түсті. Жетекші мемлекеттер арасындағы қайшылықтар ұлғайып, олардың санкциялық текетіресі күшейе түсуде. Сарапшылардың көпшілігі әлемдік державалар арасындағы келіспеушілік «қырғиқабақ соғыс» аяқталғаннан бері дәл қазіргідей ушығуға жетпеген еді деген пікірде. Осындай жағдайда өңірлік жанжалдардың жаңа ошақтары пайда болуда. Террорлық қатер де ұлғайып келеді. Босқындардың жаһандық толқыны планетаның жаңа өңірлерін бірінен соң бірін басып қалуда. Әлемдік сауда көлемі төмендеп, қор нарықтары құлдырауда. Іс жүзінде әлемнің барлық валюталары девальвацияға ұшырады. Осының бәрі өңірлік және ұлттық экономикаларға теріс ықпалын тигізеді.

Әлемнің жаңа бет-бейнесі қалыптасып келеді, ол жөнінде мен халыққа таяудағы Жолдауымда айттым. Бұл дегеніміз индустрияландыруды, шағын және орта бизнесті дамытуды белсенді жалғастыра отырып, шикізат бағасы төмен жағдайда өмір сүруге бейімделуді білдіреді. Осы бір күрделі ахуалда біздің бәріміз үшін ең маңыздысы – ысырапсыз өмір сүру, ресурстарды үнемдеу, жұмыс орындарын сақтау екенін түсіну. Үкімет пен Парламентке бұл жағдайда бірлесіп, жинақы жұмыс істеп, жедел шешім қабылдау қажет. Біздің халқымыз-ға бұрынғыша бірігіп, осы күрделі уақытта кез-келген ықтимал арандатуларға, қажет болса, заңнамалық тұрғыдан тойтарыс беру керек. Ол жағдайдың нашарлауына кінәлілерді іздеп, саясиландырғысы келетіндерге де қатысты. Бұл – жаһандық үдеріс, оған бірде-бір ел, соның ішінде Қазақстан да ықпал ете алған жоқ. Сондықтан бәріміз топтасып, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Қазір елдің әрбір азаматының патриоттығы сынға түсуде. Бізде тағдырға мойынсұнып, әйтеуір бір уақыттары бәрі орнына келетініне, мұнай бағасы көтеріліп, жағдайдың жақсаратынына үміттеніп отыруға уақыт жоқ.

Бүгінде кез келген жаһандық сын-қатерге үнемі жүйелі әрі алдын-ала жауап беру және тиісті шаралар қабылдау маңызды. Бізге «Қазақстан-2050» Стратегиясының бағытын жалғастырып, дағдарысқа қарсы бағдарламаны іске асыру, Ұлт Жоспарын орындау керек. Мыңдаған азаматтарымызға жұмыс бере отырып, «Нұрлы Жол» бағдарламасын белсенді жүзеге асыру қажет. Үкімет, министрлер мен барлық деңгейдегі әкімдер бұрынғы дағдарыс тәжірибесі мен инфрақұрылымдық құрылыс мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жұмыс орындарын ұсыну арқылы шығындарды қысқарту, аппаратты оңтайландыру үшін резервтер іздестіруі тиіс.

Халыққа Жолдауда мемлекетті, экономика мен қоғамды терең жаңғырту, бюджет саясатын үнемдеу, ұсынықтылық және қайтарымдылық қағидаттары негізінде оңтайландыру жөнінде ауқымды міндеттер қойылды. Парламенттің қазіргі құрамы Ұлт Жоспарына сәйкес, өнімді және ауқымды заң шығару жұмысын атқарды. Ендігі жұмыс Үкімет пен елдің барлық атқарушы органдарына, сондай-ақ, бизнес-қоғамдастыққа тиесілі. Дағдарысқа қарсы шаралар мен Ұлт Жоспарын дер кезінде және сауатты жүзеге асыру солардың тиімді жұмысына байланысты болады. Бұл біздің елімізді әлемдік қоғамдастық алдында тағы да  биіктетіп, инвестиция тартады, елімізге деген сенімді нығайтады. Біз мұны жасауға тиіспіз.

Қазір біздің қоғамымыз 1991 жылы мүлдем бейтаныс ахуалға тап болған кездегідей абдыраған адамдар тобы емес. Біз Тәуелсіздіктің ширек ғасырға жуық абыройлы жолын жүріп өттік. Біз жасампаз еңбекте шыңдалып, табысты, қалыптасқан және әлемге сыйлы мемлекет құрған біртұтас халыққа айналдық. Мен депутаттардың бастамасын Қазақстан мен қазақстандықтардың тағдырына отаншылдық тұрғыдан қамқорлық танытудың көрінісі деп қабылдаймын. Мәжіліс-тің кезектен тыс сайлауы (оның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының да депутаттары бар) және өңірлік мәслихаттардың кезекті сайлауы бірге өтуі уақытты да, қаржыны да үнемдейді. Барша депутаттарға мемлекетшіл ұстанымы мен аса жоғары тарихи жауапкершілік танытқаны үшін алғысымды айтамын.

Ел Конституциясының талаптарына сәйкес, мен Парламент Палаталары төрағаларымен, Премьер-Министрмен және Конституциялық Кеңес төрағасымен кеңестім. Ақылдаса келіп депутаттардың бастамасын қолдау туралы шешім қабылданды. Билік саласы өкілдері құрамының жаңартылуы еліміз бен халқымыздың мүддесіне сай келетіндігіне сенімім кәміл. Саяси партиялар күн тәртібіндегі міндеттерді түсіне білетін сауатты, іскер және ел мүддесіне адал кандидаттарды ұсынуға тиіс. Бүгін мен Бесінші шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойдым. Мәжілістің кезектен тыс сайлауы 2016 жылғы 20 наурызға белгіленді.

Бүкіл қазақстандықтарды, қоғамның барлық әлеуметтік топтарын уақыт талап еткен шешімді қолдауға үндеймін. Баршаңызды сайлауға белсене қатысуға, еліміздің болашағы жолындағы тұтастығымыз бен бірлігімізді тағы да танытуға шақырамын. Конституцияның кепілі ретінде Орталық сайлау комиссиясына және барлық өкілетті мемлекеттік органдарға алдағы сайлауда заңдылықты, ашықтықты және әділеттілікті қамтамасыз етуді тапсырамын. Дауыс беру науқаны және сайлау күрделі кезеңде ұлтты ұйыстырып, біздің Қазақстанымызды жаңа белестерге алып шығуға көмектеседі деп сенемін.

Баршамыздың бір ғана мақсатымыз бар, ол мақсат – халық пен елдің игілігі! Бәріміз Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолында еңбек етіп, бар күш-жігерімізді жұм-саймыз. Біз бірлесе отырып, бүгінгі заман алдымызға тосып отырған барша қиындықтар мен сын-қатерлерді міндетті түрде еңсеретін боламыз. Мен барша қазақстандықтарды, барлық саяси партияларды біздің ортақ шаңырағымыздың тағдырына жауапты қарауға және Отаншылдығымызды нығайта түсуге шақырамын. Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық мерейлі белесін мызғымас бірлікпен қарсы алайық!

 

Астана, Ақорда,

2016 жылғы 20 қаңтар.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Бесінші шақырылған Қазақстан

Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, 63-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 85-бабына сәйкес қаулы етемін:

1. Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі таратылсын.

2. Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалсын.

3. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2016 жылғы 21 наурызға тағайындалсын.

4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындауды және өткізуді ұйымдастырсын.

5. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды кідіріссіз қабылдасын.

6. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 Қазақстан Республикасының Президенті

Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 20 қаңтар,

№181.

 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы

2016 жылғы 20 қаңтар  №3/82  Астана қаласы

Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі  іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 14) тармақшасына, 101-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:

1. 2016 жылғы 20 наурызға Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы тағайындалсын.

2. Қоса беріліп отырған 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.

3. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін.

4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Төраға Қ.ТҰРҒАНҚҰЛОВ.

Хатшы Б.МЕЛДЕШОВ.

 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы

2016 жылғы 20 қаңтар №3/83  Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының

кезектен тыс сайлауын  әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі  іс-шаралардың күнтізбелік жоспарларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Консти­туция­лық заңының 12-бабы 1) тармақ­шасына сәйкес және Қазақстан Рес­­пуб­ликасы Президентінің «Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» 2016 жыл-ғы 20 қаңтардағы №181 Жарлығының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссия­сы қаулы етеді:

1. Мыналар:

1)         2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақ­стан Республикасы Парламенті Мәжілісі депу­тат­тарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары (1-қосымша);

2) 2016 жылғы 21 наурызға тағайындалған, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақ­стан Республикасы Парламенті Мәжілісі депу­тат­тарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары (2-қосымша) бекітілсін.

2. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін.

3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құ­ралдарында жариялансын.

 

Төраға Қ.ТҰРҒАНҚҰЛОВ.

Хатшы Б.МЕЛДЕШОВ.

 

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

2016 жылғы 20 қаңтардағы

№3/82 қаулысымен бекітілген

 

2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған

Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу

мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

1. Сайлау округтері бойынша мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну

Республикалық немесе жергілікті қоғамдық бірлестіктердің жоғарғы органдары, олардың құрылымдық бөлімшелері және азаматтар – өзін-өзі ұсыну жолымен Сайлау күнінен екі ай бұрын басталып, оған бір ай қалғанда аяқталады

20 қаңтарда басталады және 19 ақпанда аяқталады

(103-б. 6-т.)

2. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Тиісті әкімдер

Сайлау тағайындалғаннан кейін жеті күн мерзім ішінде 27 қаңтардан кешіктірмей

(23-б. 5-т.)

3. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау тағайындалғаннан кейін жеті күннен кешіктірмей

27 қаңтардан кешіктірмей

(17-б. 2-т.)

4. Округтік сайлау комиссияларының құрамы мен орналасқан жерлерін, сайлау округтерінің тізімдерін, олардың шекараларын көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 30 қаңтардан кешіктірмей

(14-б. 6) т., 15-б. 3-т., 22-б. 2-т., 4-т.)

5. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 30 қаңтардан кешіктірмей

(13-б. 4-т.)

6. Сайлау округін көрсете отырып, тиісті қоғамдық бірлестіктің мәслихат депутаттығына кандидат ұсыну туралы шешімін және кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішін, сондай-ақ азаматтың дауысқа түсу ниеті туралы өтінішін округтік сайлау комиссиясына ұсыну

Қоғамдық бірлестіктердің жоғары органдары, олардың құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған азаматтар

20 қаңтарда басталады және 19 ақпанда аяқталады

(103-б. 3-т., 4-т.)

7. Мәслихат депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

Округтік сайлау комиссиялары

Үш күн ішінде

(103-б. 8-т.)

8. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және олардың әрқайсысына тиісті куәлік беру

Округтік сайлау комиссиялары

Кандидат сенім білдірген адамдардың тізімін және сол адамдардың кандидаттың сенім білдірген адамдары болуға келісетіні туралы өтініштерін тапсырғаннан кейін

(16-б. 5) т., 31-б.)

9. Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша табысы және мүлкі туралы декларацияларды ұсыну

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

(104-б. 1-1-т.)

10. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу, хаттама жасау және әрқайсысына тиісті куәлік беру

Округтік сайлау комиссиялары

Сайлау күнінен екі ай бұрын басталып, оған жиырма бес күн қалғанда аяқталады

20 қаңтарда басталады және 23 ақпанда аяқталады

(16-б. 5) т., 104-б.)

11. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

Округтік сайлау комиссиялары

Бес күн мерзім ішінде

(104-б. 5-т.)

12. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Округтік сайлау комиссиялары

Кандидаттарды тіркегеннен кейін жетінші күннен кешіктірмей

1 наурыздан кешіктірмей

(16-б. 5) т., 104-б. 6-т. 1) т.)

13. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

Салық қызметі органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде

(104-б. 1-1-т.)

14. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлау қор-ларын тіркеу

Округтік сайлау комиссиялары

Кандидаттың тіркелгеннен кейін өтініш жасаған сәтінен бастап бір күнтізбелік күн ішінде

(34-б. 2-т.)

15. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу

Округтік сайлау комиссиялары

Кандидаттар тіркелгеннен кейін

(34-б. 6-т.)

16. Кандидаттардың арнаулы уақытша шоттарына қаражаттың келіп түскені туралы және оның жұмсалғаны туралы есептерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Округтік сайлау комиссиялары

Айына екі рет

(34-б. 6-т.)

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

24 ақпанда басталады және 18 наурызда 24:00 сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)

18. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен кездесулер кестесін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Жергілікті атқарушы органдар және аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

19. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

Жергiлiктi атқарушы органдар және аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 6-т.)

20. Әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну

Тиісті әкімдер

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 28 ақпаннан кешіктірмей

(24-б. 5-т.)

21. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

4 наурыздан кешіктірмей

(26-б. 1-т.)

22. Жекелеген сайлау учаскелерінде дауыс беруді бастаудың және аяқтаудың басқа уақытын белгілеу және ол туралы шешімді сайлаушыларға жеткізу

Аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау күніне дейінгі жеті күннен кешіктірмей

12 наурыздан кешіктірмей

(38-б. 1-т., 3-т.)

23. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

9 наурыздан кешіктірмей

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

24. Округтiк сайлау комиссиясының сайлау округi бойынша сайлау нәтижелерiн анықтау жөніндегі отырысын өткізу үшін, отырыс орны мен уақыты туралы мәлiметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай отырып, сайлау учаскесін айқындау

Округтік сайлау комиссиялары

Дауыс беру күніне дейінгі он күннен кешіктірмей

9 наурыздан кешіктірмей

(43-б. 8-1-т.)

25. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

Аумақтық және округтік сайлау комиссиялары

Сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей

18 наурыздан кешіктірмей

(16-б. 7) т., 37-б. 3-т.)

26. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және сайлау учаскесінің ашылғаны туралы хаттама жасау

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

Дауыс беруді бастаудың басқа уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

27. Дауыс беруді өткізу

Учаскелік сайлау комиссиялары

Егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе,

жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

28. Сайлау учаскесінде сайлау округтері бойынша мәслихат депутатын сайлау жөніндегі дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды жасау

Учаскелік сайлау комиссиялары

Егер дауыс беруді аяқтаудың басқа уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

(18-б. 8) т., 43-б.)

29. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

(43-б. 8-т.)

30. Сайлау учаскесінде сайлау округтері бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды округтік сайлау комиссияларына ұсыну

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

(108-б. 1-т.)

31. Сайлау округі бойынша мәслихат депутатын сайлаудың нәтижелерін белгілеу және сайлау нәтижелері туралы хаттама жасау

Округтік сайлау комиссиялары

(16-б. 9) т., 43-б. 8-1-т., 108-б. 2-т.)

32. Сайлау округi бойынша сайлау нәтижелерi туралы хаттаманың көшiрмесiн жалпыжұрттың танысуы үшiн округтік сайлау комиссиясының отырысы өткен сайлау учаскесiнің үй-жайында ілу

Округтік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

(43-б. 8-1-т.)

33. Сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы алдын ала жиынтық тiзiмдемені жалпыжұрттың танысуы үшiн округтік сайлау комиссиясының отырысы өткен сайлау учаскесiнiң үй-жайында iлу

Округтік сайлау комиссиялары

Дауыс беру күнінен бастап бес күннен кешіктірмей

24 наурыздан кешіктірмей

(43-б. 8-2-т.)

34. Сайлау нәтижелері туралы хаттаманы аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

Округтік сайлау комиссиялары

Сайлау өткізілген күннен бастап екі күннен аспайтын мерзімде

21 наурыздан кешіктірмей

(108-б. 2-т.)

35. Мәслихаттар депутаттарын сайлаудың қорытындыларын анықтау

Аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау өткізілген күннен бастап бес күннен аспайтын мерзімде

24 наурыздан кешіктірмей

(14-б. 9) т., 44-б. 2-т., 111-б.)

36. Сайлау округі бойынша сайлау нәтижелері туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Округтік сайлау комиссиялары

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

26 наурыздан кешіктірмей

(16-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т.)

37. Мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы хабарды және олардың тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

26 наурыздан кешіктірмей

(14-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т., 46-б. 3-т. 1) т.)

38. Округтік сайлау комиссиясына сайлау қорлары қаражатының пайдаланылуы туралы есептерді ұсыну

Сайлау қорларын құрған мәслихаттар депутаттығына кандидаттар

Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін бес күннен кешіктірмей

(34-б. 9-т.)

39. Кандидаттардың сайлау қорларына келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Округтік сайлау комиссиялары

Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн он күн ішінде

(34-б. 4-т.)

40. Сайланған мәслихаттар депутаттарын тіркеу және әрбір депутатқа куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру

Аумақтық сайлау комиссиялары

(14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.)

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

 

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

2016 жылғы 20 қаңтардағы

№3/83 қаулысына 1-қосымша

2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған, партиялық тізімдер бойынша сайланатын

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс

сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

1. Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну

Саяси партиялардың жоғары органдары

Сайлаудан екі ай бұрын басталып, оған қырық күн

қалғанда аяқталады

20 қаңтарда басталады және 8 ақпанда аяқталады

(87-б. 5-т.)

2. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Тиісті әкімдер

Сайлау тағайындалғаннан кейін жеті күн мерзім ішінде

27 қаңтардан кешіктірмей

(23-б. 5-т.)

3. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау тағайындалғаннан кейін жеті күннен кешіктірмей 27 қаңтардан кешіктірмей

(17-б. 2-т.)

4. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

30 қаңтардан кешіктірмей

(13-б. 4-т.)

5. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына мемлекеттік тілдің әліпбилік ретімен партиялық тізімді, саяси партияның жоғары органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірмені азаматтардың депутаттыққа кандидаттар ретінде дауысқа түсуге келісімі туралы өтініштерімен бірге ұсыну

Саяси партиялардың жоғары органдары

20 қаңтарда басталады және 8 ақпанда аяқталады

(87-б. 2-т., 3-т.)

6. Партиялық тізімдерге енгізілген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

Саяси партия партиялық тізімін ұсынғаннан кейін басталады

(86-б.)

7. Партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірген адамдарын тіркеу

Аумақтық сайлау комиссиялары

Саяси партия сенім білдірілген адамдарының тізімін

тіркеу үшін ұсынғаннан кейін

(14-б. 2-1) т., 31-б.)

8. Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша табысы және мүлкі туралы декларацияларды тапсыру

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Партиялық тізім тіркелгенге дейін

(89-б. 2-т.)

9. Партиялық тізімдерді тіркеу

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

Сайлаудан екі ай бұрын басталып, оған бір ай қалғанда

аяқталады

20 қаңтарда басталады және 19 ақпанда аяқталады

(89-б. 8-т.)

10. Партиялық тізімдердің тіркелгені туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

Партиялық тізімдер тіркелгеннен кейін оныншы күннен

кешіктірмей

28 ақпаннан кешіктірмей

(89-б. 6-т. 1) т.)

11. Саяси партия ұсынған кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

Салық қызметі органдары

Партиялық тізім тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде

(89-б. 2-т.)

12. Саяси партиялардың атауларын сайлау бюллетенiне енгізу бойынша жеребе тартуды өткізу

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

(37-б. 1-т.)

13. Саяси партиялардың сайлау қорларын тіркеу

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

Партиялық тізім тіркелгеннен кейін саяси партияның

өтініш жасаған сәтінен бастап бір күнтізбелік күн ішінде

(34-б. 2-т.)

14. Саяси партиялардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

Партиялық тізім тіркелгеннен кейін

(34-б. 6-т.)

15. Саяси партиялардың арнаулы уақытша шоттарына қаражаттың келіп түскені туралы және оның жұмсалғаны туралы есептерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

Айына екі рет

(34-б. 6-т.)

16. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

Партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталған сәттен

басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күні

жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

20 ақпанда басталады және 18 наурызда 24:00 сағатта

аяқталады

(27-б. 2-т.)

17. Саяси партияларға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, бөлінген үй-жайларда кандидаттар мен саяси партиялардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Жергілікті атқарушы органдар және тиісті аумақтық

сайлау комиссиялары

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

18. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

Жергiлiктi атқарушы органдар және тиiстi аумақтық

сайлау комиссиялары

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 6-т.)

19. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

Дауыс беру күніне бес күн қалғанда аяқталады

14 наурызда аяқталады

(20-2-б. 2-т., 4-т.)

20. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін акт бойынша сайлау комиссиясына ұсыну

Тиісті әкімдер

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

28 ақпаннан кешіктірмей

(24-б. 5-т.)

21. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда

4 наурыздан кешіктірмей

(26-б. 1-т.)

22. Жекелеген сайлау учаскелерінде дауыс беруді бастаудың және аяқтаудың басқа уақытын белгілеу және ол туралы шешімді сайлаушыларға жеткізу

Аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау күніне дейінгі жеті күннен кешіктірмей

12 наурыздан кешіктірмей

(38-б. 1-т., 3-т.)

23. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

9 наурыздан кешіктірмей

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

24. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

Аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау өткізілетін күнге кемінде бір күн қалғанда

18 наурыздан кешіктірмей

(37-б. 3-т.)

25. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

Дауыс беруді бастаудың басқа уақыты белгіленбесе,

жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

26. Дауыс беруді өткізу

Учаскелік сайлау комиссиялары

Егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

27. Сайлау учаскесінде дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасау

Учаскелік сайлау комиссиялары

Егер дауыс беруді аяқтаудың басқа уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

(18-б. 8) т., 43-б.)

28. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

(43-б. 8-т.)

29. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссияларына ұсыну

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

(94-б. 1-т.)

30. Сайлау нәтижелері туралы хаттамаларды облыстық, Астана, Алматы қалалық сайлау комиссияларына ұсыну

Аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

(94-б. 2-т.)

31. Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша сайлау нәтижелері туралы хаттамаларды Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына ұсыну

Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары

Сайлау күнінен бастап екі күндік мерзімнен асырмай

21 наурыздан кешіктірмей

(94-б. 2-т.)

32. Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың қорытындыларын анықтау

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күндік мерзімнен

кешіктірмей

26 наурыздан кешіктірмей

(12-б. 10) т., 44-б. 1-т., 97-б.)

33. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына сайлау қорлары қаражатының пайдаланылуы туралы есептерді ұсыну

Саяси партиялар

Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін бес күннен кешіктірмей

(34-б. 9-т.)

34. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап он күннен кешіктірмей

29 наурыздан кешіктірмей

(12-б. 10) т., 44-б. 4-т. 1) т.)

35. Сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын тіркеу және әрбір депутатқа куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

(12-б. 10) т., 45-б., 46-б. 2-т., 98-б.)

36. Саяси партиялардың сайлау қорларына келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн он күн ішінде

(34-б. 4-т.)

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

 

 

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

2016 жылғы 20 қаңтардағы

№3/83 қаулысына 2-қосымша

 

2016 жылғы 21 наурызға тағайындалған,

Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті

Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

 1. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі

Сайлау күнінен бір ай бұрын басталады және сайлау күніне жиырма күн қалғанда аяқталады

20 ақпанда басталады және 29 ақпанда аяқталады

(87-б. 5-т.)

2. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы шешімін азаматтардың депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы өтініштерімен бірге Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына ұсыну

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі

20 ақпанда басталады және 29 ақпанда аяқталады

(87-б. 4-т.)

3. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі ұсынған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кандидаттарды

ұсыну туралы шешімі ұсынылғаннан кейін басталады

(86-б.)

4. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу

Астана қаласының қалалық сайлау комиссиясы

Кандидат сенім білдірген адамдар тізімін тапсырған соң

(14-б. 2-1) т, 31-б.)

5. Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына 2016 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша табысы және мүлкі туралы декларацияларды тапсыру

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

(89-б. 2-т.)

6. Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды тіркеу

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

Сайлаудан жиырма күн бұрын басталып, оған он бес күн қалғанда аяқталады

29 ақпанда басталады және 5 наурызда аяқталады

(89-б. 8-т.)

7. Кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін үшінші күннен кешіктірмей

(89-б. 6-т. 2) т.)

8. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

Салық қызметі органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап үш күннің ішінде

(89-б. 2-т.)

9. Сайлау алдындағы үгіт

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталып, сайлау күнінің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

6 наурызда басталады және 19 наурызда 24:00 сағатта аяқталады)

(27-б. 2-т.)

10. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша дауыс берудің өткізілетін орны мен уақыты туралы хабардар ету

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі

Дауыс беру күніне дейінгі он күннен кешіктірмей

10 наурыздан кешіктірмей

(93-1-б. 2-т.)

11. Сайлаушылардың тізімін акт бойынша Астана қаласының қалалық сайлау комиссиясына беру

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі

Дауыс беру күніне дейінгі жеті күн бұрын

13 наурыздан кешіктірмей

(24-б.)

12. Сайлаушылардың тізімін танысу үшін сайлаушыларға (Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне) ұсыну

Астана қаласының қалалық сайлау комиссиясы

Дауыс беру күніне дейінгі бес күн бұрын 15 наурыздан кешіктірмей

(26-б.)

13. Дауыс беру пунктін ашу және дауыс беру пунктін ашу туралы хаттама жасау

Астана қаласының қалалық сайлау комиссиясы

Дауыс беру басталардан бір сағат бұрын

(40-б., 93-1-б. 3-т.)

14. Дауыс беруді өткізу, дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасау

Астана қаласының қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау күні

(43-б., 94-1-б.)

15. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн дауыс беру пунктінде жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу

Астана қаласының қалалық сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

(43-б. 8-т., 94-1-б. 3-т.)

16. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелерін Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында жария ету

Астана қаласының қалалық сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін

(93-1-б. 5-т., 94-1-б. 2-т.)

17. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына тапсыру

Астана қаласының қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау күнінен бастап екі күндік мерзімнен асырмай

22 наурыздан кешіктірмей

(94-1-б. 2-т.)

18. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың қорытындыларын анықтау

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

Сайлау өткен күннен бастап жеті күндік мерзімнен кешіктірмей

27 наурыздан кешіктірмей

(12-б. 10) т., 44-б. 1-т., 97-б.)

19. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

Сайлау өткен күннен бастап он күннен кешіктірмей

30 наурыздан кешіктірмей

(12-б. 10) т., 44-б. 4-т. 1) т.)

20. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын тіркеу және әрбір депутатқа куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

(12-б. 10) т., 45-б., 46-б. 2-т., 98-б.)

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз