Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Қайта оралған «Аққу»

Кезінде Махамбет аудандық тұтынушылар қоғамына қарайтын «Аққу» сауда үйінің құрылысы 1980 жылы салынып, іске қосылған еді. Кеңес үкіметі тараған кезде бұл нысан иесіз, қараусыз қалды. Қашан көрсең де есігі жабық,  терезелері кір қожалақ, сыртқы сылақтары түскен осынау ескі иесіз ғимарат көшенің көркін қашырып тұратын.

akkusauda

Бұған бей-жай қарай алмаған тәжірибелі кәсіпкер М.Кенжеғалиева аталған  ғимаратты жеке меншігіне сатып алуға тәуекел жасады. Барлық істің басы-қасында жүретін ұлы Еркебұлан да бұған қарсы болмады. Дереу іске кіріскен кәсіпкер ішкі-сыртқы сәулеттік кескін-келбетін де барынша талапқа сай өзгертуге жұмыстанды.

Қолы ұсынақты құрылыс шеберлерінің қолынан өткен «Аққу» айдынына қайта оралғандай, сыланып шыға келді. Ғимараттың айналасы да әдемі төсемтастармен көмкеріліп, абаттандырылды.

«Аққу» сауда үйінің ашылу салтанатында аудан әкімі Жәрдемғали Ахметов кәсіпкерлің қадамына сәттілік тіледі. Сауда үйі жылы да жарық, жұмыс істеуге ыңғайлы. Мұнда нәпақасын айырамын деушілерге дежағдай бар, он сегіз бутик бөлінген. Демек, осыншама адам өзінің кәсібімен айналысуға мүмкіндік алады деген сөз..

Б.НАУРЫЗӘЛІ,

Махамбет ауданы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button