Жарнама
Жаңалықтар

АЯЗ АТА, АҚШАҚАР, ҚАР ҚЫЗЫ, ҚЫС ХАНШАЙЫМЫ…

Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлаған шараға қатысқан қала әкімі Нұрлыбек Ожаев Жаңа жылмен құттықтады.

— Мемлекет пен қоғам қай кезде де білім мен ғылым үшін қолдан келгенін аямауда. Соның айғағындай, қаламызда да Елбасының қолдауымен білім беру нысандары бой түзеп, іске қосылды. Елбасының Жолдауындағы дамыған 30 елдің қатарына қосылудың басты шарттарының бірі — білім мен ғылым жүйесін дамыту. Бізге ел мен жер байлығын заманауи технологиялармен игеретін болашақ керек. Олар – бүгінгі мерекеге қатысып отырған оқушылар, міне, сіздерсіздер, — деген шаһар басшысы жаңа жылда сәттілік, елдің тыныштығын және зор денсаулық тіледі. 

Атырау қалалық білім бөлімі мамандарының айтуынша, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына қолдау көрсету мақсатында екі миллиондай қаржы бөлінген. 

Шат-шадыман көңіл-күйде жүрген балалар қала басшысының атынан сыйлықтарды алып, құдды ертегі әлеміне енгендей болды. Жасыл шырша жанында балалар кештің басты кейіпкерлері Аяз Ата және Ақшақармен, Қар қызы, Қыс ханшайымы, Сарайшық иесі, Ұлы Жібек жолы аруы, Ер Төстік, Алтын адам және Мешінмен бірге би билеп, ән айтты.

Айгүл Социалқызы.

 

Осындай атаумен Атырау облыстық С.Қазыбаев атындағы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үйінде Жаңажылдық шырша өтті. Оған облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов қатысып, мерекелік кешті тамашалады.

Бүлдіршіндердің жаңажылдық көңіл күйіне тәнті болған аймақ басшысы шыршаны жағып, айналаны ерекше әдемілікке орады. Жиналған жұртшылықты келе жатқан Мешін жылымен құттықтап, лебізін білдірді.

– Өтіп бара жатқан қой жылы Атырау үшін берекелі болды. Елбасының өскелең ұрпаққа, балаларға жағдай жасау жөніндегі тапсырмалары толық орындалды. Аймақта бірқатар мектеп пен балабақша бой көтеріп, бірнеше тәрбие орындары күрделі жөндеуден өткізілді. Бұл жылда тарихи даталар кең көлемде аталып өтсе,  келер жылы ұлық мерекеміз – Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлаймыз. Еліміздің әрі қарай дамуы, қалыптасуы, болашағы – өскелең ұрпақтың қолында. Осы орайда сіздер заман талабына сай қабілетті, тәрбиелі ұл-қыз болып өсіңіздер, — деген Бақтықожа Салахатдинұлы балғындардың болашағына ашық, жарқын жол тіледі. Сондай-ақ, балаларға арнап қысқы киімдер мен әртүрлі тәттілерді сыйға тартты.

Айта кету керек, қой жылы облыстағы жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар үйі үшін табысты болды. Тәрбиеленушілердің облыстық, республикалық, халықаралық дәрежеде жеткен жетістіктері аз емес. Ең бастысы, балалардың бірқатары өз отбасымен қауышып, патронатты тәрбиеге алынуда. Отбасы үлгісіндегі балалар ауылында бес бала өз ата-анасымен табысып, жанұясына оралды. Бұл көрсеткіш  С.Қазыбаев атындағы балалар үйінде де байқалады. Осыдан екі жыл бұрын аталмыш балалар үйінде 200 балдырған болса, бүгінде 48 бала ғана тәрбиеленуде.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button