Судьялар спартакиадасы өтті

DSC 7581 Жаңалықтар

Тәуелсіздік мерекесіне орай Нұрсая  спорт кешенінде өңіріміздегі судьялар арасында спартакиада ойындары өтті.

DSC_7581

Қызметтік мантиясын спорттық киімге ауыстырған судьялар додасының салтанатты ашылуында облыстық сот төрағасы Марғұлан Бектұрғанов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов, сот ардагері Шахимардан Дәуреновтер сөз алды. Қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тіледі. Екі күнге созылған спартакиада волейбол, шахмат, үстел теннисі секілді спорт түрлерінен өтті. Нәтижесінде, волейболдан бірінші  орынды облыстық,  қалалық және экономикалық соттар құрамасы иеленді. Екінші орынға облыс бойынша соттар әкімшілігінің құрамасы тұрақтады. Ал, жүлделі үшінші орын мамандандырылған соттар құрамасына бұйырды. Шахмат сайысында Жасұлан Жақсылық жеңімпаз атанды. Үстел теннисіндегі тартысты  бәсекеде ерлер арасында Абзал Таңатаровқа, әйелдерден Марал Саримоваға тең келер ешкім болмады. Осы спорттық шара арқылы қатысушылар тек сот төрелігін жүзеге асырумен ғана шектелмейтінін, сонымен қатар қоғамдық өмірге де белсене араласатындарын дәлелдеді.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз