Атырауда бизнес бастауға грант беріліп жатыр!

news full156162442205f207ae2b25122188d21704fa2a309a Жаңалықтар

Атырау облысында 271 жас бизнес жобасы үшін грант иеленді.

«Өз ісін ашу мақсатында жобасын сәтті қорғаған жастарға «Бастау-Бизнес» аясында қолдау көрсетілді» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Бастау-Бизнес» жобасымен 401 жас кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданып, 48 жас несие алды.

562 жас қысқа мерзімді оқу курстарына  жіберіліп, 1 871 жас кәсіптік бағдарлаумен қамтылған. 

Атап өтерлігі, өткен жылы «Еңбек», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында облыста 12 791 жасқа әлеуметтік қолдау  көрсетілген. Оның ішінде,       6 776 жас тұрақты жұмыспен қамтылып, ақылы қоғамдық жұмыстарға 1 795 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 123 адам орналастырылған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз