«Нұр Отан» үміткерлерін таңдады

N r Otan Жаңалықтар

«Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының кезектен тыс ХХVІІ конференциясы болды. Конференцияда Атырау облыстық мәслихатының депутаттығына «Нұр Отан» партиясынан кандидаттар ұсыну туралы мәселе талқыланды.

????????????????????????????????????

Бұдан бұрын хабарланғанындай, барлық деңгейдегі мәслихаттардағы шығып қалған депутаттардың орындарына  28 қазанда сайлау өтеді. Осыған орай, 5-7 қыркүйекте  қалалық, аудандық партия филиалдарының бастауыш партия ұйымдарында кандидаттарды анықтау мақсатында партия ішілік праймериздер өткізілген болатын. Нәтижесінде облыстық мәслихаттың №11 сайлау округі бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Атырау магистральдық желі бөлімшесі» филиалының директоры Елеубай Сапаров, №15 сайлау округі бойынша «Сапа Строй Сервис & К» ЖШС директоры Мейрамбай Базарбай, №21 сайлау округі бойынша «Атырау облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ізтұрған Баймұханов жеңіске жеткен еді.

Конференция делегаттарын өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырғаннан кейін аталған азаматтарды облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткер ретінде ұсыну туралы қаулы қабылдады.

– Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен еліміз ауқымды экономикалық, саяси және рухани жаңғыруды табысты жүзеге асырып келеді. «Нұр Отан» партиясы ретінде осы айтулы жұмыстың алдыңғы легінде жүруі тиіс және тарихи міндеттердің жоғары деңгейіне сай болу керек. Елбасы айқындап берген міндеттерді абыроймен орындап, көздеген мақсаттарға қол жеткізу үшін тынбай еңбек етуіміз керек, – деді облыстық филиал төрағасы, облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

Бақытжан Жұмат

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз