Жарнама
ЖаңалықтарМәдениет

Аялайық, ардақтайық Ананы!

Өткен 8 наурыз күні қала әкімі Серік Шәпкенов көп балалы және мүгедек аналармен кездесіп, мерекемен құттықтады.

Аялайы__ арда__тайы__ Ананы

— Ардақты аналар, аяулы апа-қарындастар! Мейрамдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін. «Жұмақ – ана табанының астында» дейді халқымыз. Сондықтан оларды тек 8 наурыз күні ғана емес, жылдың барлық   күнінде де қуантып жүрсек артық етпейді, — деді ол.

Осыдан кейін көп балалы аналарға алтын және күміс алқалар табыс етілді. Салтанатты шараны «5546» әскери бөлімінің капитаны Нұржан Дәулетов жетекшілік ететін оркестр, «Дарын» ер балалар хоры, «Қазына» би ансамблі, белгілі сазгер Болат Қохамановтың сүйемелдеуімен «Еуразия» вокалды-аспаптар ансамблі, Айбар Ғани және басқа да өнерпаздар әсем әнмен, ырғақты бимен әрледі.

Амандық Абдол

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button