Жарнама
ЖаңалықтарМәдениет

Азғыр ауылында мәдениет үйі салынады

«Құрманғазы ауданының Азғыр ауылында салынатын нысанның құрылысы биыл басталады» деп хабарлайды Atr.kz

Атырау облысының әкімдігі баспасөз-қызметінің мәлімдеуінше, қазіргі таңда облыста 3 мәдениет үйі салынып жатыр. Нысандардың құрылыс жұмыстары  биыл аяқталады.

«Былтыр Ойыл ауылдық округіндегі «Шалқыма» мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті. 1 кітапхана мен 2 мәдениет үйінің құрылысы аяқталды» делінген хабарламада.

Еске сала кетелік, облыс бойынша 256 мәдениет мекемесі халыққа қызмет көрсетуде.

Облыс бойынша мәдениет үйін және клубтық мекемелер салуды қажет  ететін елді мекендер саны бесеу.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Фото — иллюстратив

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button