«Ауыл – Алаш айнасы»
Егемен елдің ең басты мерекесі – Республика күні қарсаңында «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің белсенділері аймақтарға шығып, «Ауыл – Алаш айнасы» жобасын жүзеге асыруда.
Бірлестіктіктің Атырау облысындағы сапары Жылыой ауданынан басталды. Бұл күні өндірісті өңірге филология ғылымдарының докторы, абайтанушы Омар Жәлелұлы, «Сенімен Болашақ» РКБ-нің құрылтайшысы, қоғам қайраткері, меценат Нұркен Жарылқапұлы, республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жансая Бердімұратқызы келді. Олар осында жергілікті жұртшылық өкілдерімен жүздесті.
— Басты мақсат - жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, бала тәрбиесіне қатысты өзекті проблемаларды бірлесіп шешу, оңтайлы жолдарын іздестіру, — дейді жоба авторлары мен шараны ұйымдастырушылар.
Дәулетқали АРУЕВ