Кең Жылыойда шаруа қожалығы трактор таппай сандалып жүр

traktor Жаңалықтар

Кең Жылыой аудандық Қара-Арна ауылдық округінде аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындарына берілетін мемлекеттік қолдаулар жөнінде түсінік жұымысы жүргізілді.

traktor

Оған облыстық Кәсіпкерлік және индустриялық-иновациялық даму басқармасының бас маманы Б.Тоғызова, облыстық Ауылшаруашылығы басқармасының бас маманы М.Латипов, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту» АҚ облыстық филиалының менеджері Ж.Сисеновалар келген болатын. Аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің бас маманы А.Мамбетиязов облыстан келген мамандармен таныстырып, кездесудің мақсаты туралы айтып өтті. Облыстан келген мамандар ауыл тұрғындарына мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауларды түсінідіріп, қойылған сұрақтарға жауап берді.

«Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның облыстағы филиалының менеджері С.Жұмахметов ауыл тұрғындарына жеңілдетілген пайызбен берілетін несиелер туралы түсіндірді. Аудандық Кәсіпкерлер палатасының директоры Е.Төлендиев кәсіп ашқысы келетіндерге қолдау көрсетілетінін, ауданымызда ұтымды жобалар ұсынып, мемлекет тарапынан берілетін гранттарды ұтып алған азаматтар бар екенін тілге тиек етті.

«Құлагер» кооперативінің басшысы Т.Жұмаш облыстан келген мамандарға кооператив жұмысын жүзеге асыру кезінде туындаған бірнеше мәселені атап өтті. Оның айтуынша кооператив мүшесі болып тіркелген 20 мүше түгелімен кәсіпкерлік ашуы керек деген талап қойылып отырған көрінеді. Аз ғана малымен қосылған адамға оның не қажеттігі барын сұрады. Сонымен қатар кооператив жұмысын жандандыру үшін мемлекет тарапынан қаржы институттары кепілдік болса деген ұсынысын жеткізді. «Ащысай» шаруа қожалығының жетекшісі Б.Жиенқұлов өзінің шаруашылығына 3 бірдей тракторды қалай алуға болатынын сұрады. Облыстан келген мамандар кооператив жөніндегі кейбір мәселелерге орай кейінірек жауап беретін болып келісті.

Қайрат ДҮЙСЕНБЕТОВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз