#Мейірімділіквирусы: 20 пульсоксиметр мен 150 оттегі жастығы – жедел жәрдемге!

200824081347943e БЕЙНЕЖАЗБА

Atr.kz/24 тамыз, 2020 жыл. Атырау қаласының жедел жәрдем стансасының қызметкерлеріне пульсоксиметрлер мен оттегі жастықтары тапсырылды.

Шілде айында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен елдің барлық аймақтары қолдаған #мейірімділіквирусы атты республикалық қайырымдылық марафоны іске қосылған. Компания басшылығының бірі қажеттілік туындау есебімен пульсоксиметрлер мен оттегі жастықтарын сатып алу шешімін қабылдады. Атыраудағы жедел жәрдем стансасына 20 пульсоксиметр мен 150 оттегі жастығы тапсырылды.

«Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз