Жарнама
Жаңалықтар

«АУДАНДАР» ҚҰРАМАСЫ «АТЫРАУ ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ КУБОГІН» ЖЕҢІП АЛДЫ

Бүгін «Абай» орталығында БАҚ қызметкерлері арасында футзалдан “Атырау телеарнасының кубогі” өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі. 

Турнирге Атырау телеарнасы, «Тауман», «Атырау-Ақпарат», «Баспахана» және «Аудандар» құрамасы қатысты. Тартысты өткен ойында «Аудандар» құрамасы қарсыласына шақ келтірмей, «Атырау телеарнасының Кубогін» жеңіп алды. Күміс жүлде «Тауман» командасына бұйырса, үшінші орынды «Атырау-Ақпарат» командасы иеленді.
Жеңімпаз команда 150 мың теңге қаржылай сыйақыға ие болса, екінші орын иегеріне 100 мың, қола жүлдегерге 70 мың теңге табысталды. Үздік ойын көрсеткен ойыншылар түрлі номинациялармен марапатталды. «Үздік қақпашы» аталымына «Тауман» командасының ойыншысы Қанат Елеуов, «Үздік қорғаушы» аталымына «Атырау-Ақпарат» ойыншысы Әділхан Зайнеденов, «Үздік ойыншы» аталымына «Аудандар» құрамасының ойыншысы Серікбол Панабердиев ие болды.

1161d39a c443 4563 804a 420ae00eb389

Қ.БАҒЫТ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button