«Атырау барыстары» Қазақстан кубогінің жеңімпазы атанды

screenshot 20220210 235248 com.whatsapp Жаңалықтар

«Атырау барыстары» баскетбол командасы Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды»,-деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Осы жылғы 9 ақпанда елордада «Сарыарқа» аренасында ерлер командалары арасында баскетболдан Қазақстан кубогының қорытынды матчтары өтті. Спорттық сайысқа 5 команда қатысты. Атырау облысының командасы 4 ойын ойнады. Бірінші ойында «Атырау барыстары» Ақтау қаласының «Каспий» командасына қарсы шығып, 86-60 есебімен жеңіске жетті.

Қостанай қаласының «Тобыл» командасына қарсы келесі ойын Атырау облысының командасына жеңіс әкелді, ойынның есебі 81-64. Үшінші ойында жерлестеріміз «Ақтөбе» командасына қарсы ойнап, 77-52 есебімен жеңіске жетті. «Астана» Президенттік клубының командасына қарсы финалдық және қорытынды ойын «Атырау барыстары» командасының пайдасына 70-66 есебімен аяқталды.

«Атырау баскетболының ойыншылары бас бапкер Гекчян Тигранның жетекшілігімен Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасының мүшелерінен құралған «Астана» командасын ойсырата ұтты. Команда соңғы рет 2009 жылы кубок иегері атанған болатын»,-дейді баскетбол клубының директоры Болат Мұхамбетқалиев.

Сондай-ақ, клуб директоры команда биыл 15-20 наурыз аралығында Ереван қаласында өтетін Еуразиялық экономикалық қауымдастығы елдерінің чемпионатында және Қазақстан Республикасының 2021-2022 маусымдағы тұрақты чемпионатында өнер көрсетуді жоспарлап отырғанын жеткізді.
Додада команда ойыншылары Рустам Өтеген 24 ұпай, Владимир Иванов 10 ұпай, Әділхан Марат 14 ұпай жинады.

Айта кету керек, 2003 жылы негізі құрылған «Атырау барыстары» баскетбол командасы 2 дүркін Қазақстан чемпионы, 5 дүркін күміс жүлдегері және Қазақтан кубогінің иегері атанды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз