Атырауда дүкеннен он үш телефон ұрлаған жат ағым өкілдері ұсталды

unnamed file Жаңалықтар

«Қылмыстық оқиға Атырау қаласындағы Балықшы ауданында орын алған. Кәсіпкерге келген шығын 5 миллион теңге» деп хабарлайды Atr.kz

Олар жаңа жылдық қарбалас кезінде iPhone 12 телефонының он үш данасын қолды еткен. «Жедел іздестіру шаралары кезінде ұсталған екеудің дін атын жамылған деструктивті ағымның мүшелері екені анықталды» делінген «Taunews» таратқан ақпаратта.

Олардың бірі Атырау қаласының, екіншісі Орал қаласының тұрғыны. Полицейлер бейнекамерадағы жазбалар және саусақ іздері арқылы тұтқындаған күдіктілер қазір тергеу изоляторында отыр. Олардан айғақ заттар тәркіленді.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз