Жарнама
ЖаңалықтарМәдениет

АТЫРАУЛЫҚ ЖАС АҚЫНДАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АЙТЫСТА ТОП ЖАРДЫ

Алматыда «Жыр алыбы-Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысы өтті.Байқау «Тақырыптық айтыс» және «Қайым айтыс» номинациясы бойынша өткізілген болатын. Жиырма ақын қатысқан доданың ақтық сынында 12 қатысушы қалып, айтыстың соңы қайым айтыспен аяқталды.

Нәтижесінде аламанның бас жүлдесін Атырау қаласы Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының 10-сынып оқушысы Мұхитов Ерасыл қанжығаласа, «Тақырыптық айтыс» номинациясы бойынша Индер ауданы Индербор кенті М.Әуезов атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы — Байбақты Жандос Рүстемұлы «Есдәулет Кәндеков» атындағы арнайы жүлдемен және оқушылардың жетекшілері Алғыс хаттармен марапатталды.


Жан-Ерке ХАЛИУЛЛИНА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button