АУДАН ТОЙЫНА ТАРТУ

Жуырда Түркістан қаласында еліміздің самбо күресінен спорт шеберлері арасында Қазақстан чемпионаты болып өтті. Аталған додаға жерлесіміз, Миялы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Жандос Тілекбаев қатынасқан болатын.

62 келі салмақ дәрежесінде сайысқа түскен жерлесіміз алматылық палуанды айқын басымдықпен ұтып, Қазақстан чемпионы атанып, кеудесіне алтыннан алқа тақты. Жандосқа Грецияда өтетін әлем чемпионатына жолдама тапсырылды.
Ауданымыздың 70 жылдық мерейтойы қарсаңында туған жеріміздің абыройын асқақтатып оралған Қазақстан чемпионы Жандос Тілекбаевты және жаттықтырушыларды, спортшыларды қабылдаған аудан әкімі Мақсот Мұқанов бұл жоғары жетістікті Қызылқоға өңірінің айтулы мерейлі күніне лайықты тарту екенін әңгімеледі.
Қазақстан чемпионына аудан әкімінің Алғыс хаты мен ескерткіш сыйлық табыс етілді.

Мағрупа ҚАЗИХАН,
Қызылқоға ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз