5 желтоқсан – Халықаралық еріктілер күні

img 2728 Жаңалықтар

Бүгін – Дүниежүзілік еріктілер (волонтерлер) күні. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1985 жылы жасаған ұсынысымен жыл сайын 5 желтоқсанда аталып өтеді.

Еріктілер – бос уақыттарын қоғам игілігі үшін жұмсайтын адамдар тобы. Ақысыз қызмет етушілердің жұмысын әрбір саладан түрлі бағытта көруге болады.

Мысалы, мұндай адамдар қоғамдық аумақтарды тазалауға, әлеуметтік компаниялардың плакаттары мен кітапшаларын таратуға, туған қалалары бойынша экскурсия жүргізуге, халықаралық спорттық шараларда аудармашылық қызметке дайын.

Сонымен қатар, еріктілер көбінесе балалар және қарттар үйіне қолғабыс етіп, апаттық жағайлардың салдарын жою жұмыстарына қатысады.

Еріктілердің дүниежүзілік декларациясында олар өздерінің таланттары мен уақыттарын, энергияларын ешқандай ақы күтпестен жеке және ұжымдық шараларға жұмсауға құқылы екені айтылған. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз