Жарнама
Жаңалықтар

Облыс тұрғындары саяси додаға белсене қатысты

Атырау облысында республикалық референдум жүйелі өтті. Бұл маңызды саяси науқан өңірдің барлық тұрғынын қамтып, олардың өз таңдауларын жасауына кеңінен мүмкіндік берді.

Облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумовтың айтуынша, референдумды ұйымдастыру үшін аймақта 9 аумақтық комиссия құрылып, 63 мүше қатыстырылды. Сонымен қатар, 274 референдум учаскесі мен мұнда қызмет көрсететін 1974 мүшеден тұратын комиссиялар белсенді жұмыс атқарды. Жалпы, науқанды қамтамасыз ету үшін барлығы 283 комиссия тартылды.

–Дауыс беру 274 учаскеде өтті, ал тізімге енгізілген азаматтардың 63,05%-ы өз дауыстарын беріп, таңдауларын жасады. Бұл көрсеткіш азаматтардың саяси процестерге белсенді қатысқанын көрсетеді. Сонымен қатар, 11 668 азамат дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде таңдау жасау мүмкіндігін пайдаланды. Олардың ішінде вахталық әдіспен жұмыс жасайтын азаматтар, мүгедектігі бар жандар, науқастар мен қарттар болды. Бұл іс-шаралардың барлығы тұрғындардың тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мақсатын көздеді, — дейді А.Айманакумов.

Айта кету керек, референдум барысында заң бұзушылықтар тіркелмеген. Науқанның әділ әрі ашық өтуін 1 632 байқаушы қадағалады, бұл сайлау процесінің барынша ашық болғанын көрсетеді.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button