![Атыраулық полицейлер құны 1,5 млн теңгені құрайтын синтетикалық есірткі сақтаған күдіктіні ұстады 1 172824b2 57b2 4f5d beba 78e03ce36c89](https://atr.kz/wp-content/uploads/2023/08/172824b2-57b2-4f5d-beba-78e03ce36c89.jpeg)
Атыраулық полицейлер құны 1,5 млн теңгені құрайтын синтетикалық есірткі сақтаған күдіктіні ұстады
Атыраулық полицейлер «Қарасора-2023» жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында синтетикалық есірткіні аса ірі көлемде сатумен айналысқан деген күдікпен 1985 жылғы Жамбыл облысының тұрғынын анықтады.
«Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тексеру кезінде 15 полимерлі зип-пакеттері, жалпы салмағы 35,34 грамм есірткіге ұқсас ақ түсті ұнтақ заты бар 1 пакет, электрондық таразы, «Iphone» және «Vivo» ұялы телефондары, 144 000 теңге,701 АҚШ доллары ақша қаражаттары тәркіленген.Сараптама қорытындысымен алынған заттын салмағы 35,34 грамм синтетикалық есірткі екені анықталды», — деп хабарлады Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Аталған дерек бойынша ҚК-тің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа тергеп-тексеру басталды.
Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.