210129133522049e

Асхан Байдуәлиев вакцинациялау жұмыстарындағы кемшін тұстарды түсіндірді

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар Медицина
45 / 100

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы өңірдегі вакциналау жұмыстарының көрсеткіші не себепті төмен екенін айтты, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшының айтуынша, вакцинацияның төмен көрсеткішінің негізгі себептерінің бірі – халық арасында түсіндіру жұмыстарының жеткіліксіздігі.

  • Халықтың вакцинацияға қарсы көңіл-күйі, вакциналарға сенімсіздік танытуы. Әсіресе, 2021 жылғы 6 мамырдағы №20 бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің екінші дозаға дейін аралықты 45 күнге дейін ұлғайту туралы қаулысы шыққаннан кейін, жекелеген жағдайларда (демалыс, мереке күндеріне сәйкес келу, басқа елді мекенге шығу және басқалары) вакциналанған азаматтардың өтініші негізінде II «Гам-КОВИД-Вак» компонентімен 21 күннен 90 күнге дейінгі кезеңде вакцинация жүргізуге жол беріледі, – деді басқарма басшысы.

Қазір Атырау облысы бойынша вакцинация жүргізу үшін 41 (Теңіз кен орнында – 2, «Тамаша», «Көктем», «Атырау», «Байзар» және «Дина» сауда-ойын-сауық орталықтарында – 5, қала мен аудандардың аудандық емханаларында – 24, сондай-ақ, 10 жылжымалы пункт) егу пункті бар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған