Атырауда карантин талабын пысқырмайтын тұрғындар анықталды

whatsapp image 2020 11 03 at 09.06.02 3 COVID-19: Соңғы поштадан...


Атырауда мобильді топтар демалыс күндері карантин талаптарын бұзу фактілерін анықтады.

Мобильдік топтар жұма-жексенбі күндері сауда орталықтары мен тамақтану орындарында санитариялық талаптардың сақталуын және жеке тұлғалардың карантиндік шектеулерді сақталуына бақылау жүргізу кезінде бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады.

Тексерушілер атап өткендей, «Ақжол», «Castle» «Sultan Hall» мейрамханаларында үйлену және мерейтойлар өткізу фактісі тіркелді. Ал, «Мұрагер» сауда үйінде маска режимі сақталмай және термометрия жоқ болып шықты.

Тағы бір факт: Сәтпаев көшесіндегі «Фудзи» суши барында қызметкерлер маскасыз және қолғапсыз қызмет еткен. 30-дан астам келушілерімен көзге іліккен «Бармаглот» бары сағат 22: 00-ден кейін жұмыс істесе, Жұмыскер кентіндегі «Гүлдияс» дүкені сағат 23:00-ден кейін қызмет көрсетіп, режимді бұзған.

Айта кетелік, Атырау қаласында карантин режимін сақтау бойынша рейд жұмысы күнделікті жалғасуда. Облыс бойынша барлығы 110 мобильдік топ жұмыс істеп жатыр.

«Атырау облыстық коммуникациялар қызметі»

whatsapp image 2020 11 03 at 09.06.01
whatsapp image 2020 11 03 at 09.06.02
whatsapp image 2020 11 03 at 09.06.02 2
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз