Атыраулық жүргізушіден 100 келіге жуық бекіре табылды

4149b4a1 eff9 40c2 a878 518d36c13fa4 Жаңалықтар

Атырау облысында 100 келіге жуық бекірені заңсыз тасымалдаған ер адам ұсталды.

Исатай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ​Атырау-Астрахан тас жолы бойында тексеру жүргізіп, 43 жастағы ер адамның Datsun автокөлігінен​ жүк салғышқа салынған​ 100 келіге жуық ​ бекіре тұқымдас балығын анықтап, тәркіледі. ​

– Қазір бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз тасымалдаған 43 жастағы​ көлік жүргізушісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 2-бөлігі 5-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы ​Нұрхат Оразбаев.

Амандық АБДОЛ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз