Атырауда түлкі жүр (ВИДЕО+)

lscsh Жаңалықтар

Әлеуметтік желіде қала маңында түлкіні жүргені туралы видео тарап жатыр. Жабайы жануарлар облыс орталығында емін-еркін жүре беретін жағдай жиі кездеседі, бірақ бұл олар үшін қалыпты жағдай емес.

Қарсақ немесе дала түлкісі (өңірімізде мекендейді) түнде «Шалқыма» сауда үйінің маңында байқалған. Жануар сауда мекемесінің кіреберіс есігіне қарай жүгіріп, бір айналып шығып, қашып кеткен.

– Оның адамнан қорықпауының өзі патология, – деп есептейді облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамының бас аңшысы Александр ИВАСЕНКО. – Түлкі құтыру ауруымен ауыруы немесе қауіпті аурудың, бірінші кезекте оба тасымалдаушысы болуы мүмкін.

Сондай-ақ, оның айтуынша, жануар оны иттерді ызаландыру үшін ұстаған әлдебір аңшының ауласынан қашып кеткен болуы мүмкін.

Атырау аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бөлім басшысы Мереке ШАЛХАРОВ қолда ұстау нұсқасын да жоққа шығармайды.

– Түлкінің жылы жерге кіргісі келгендей дүкен есігін қалай жүгіргеніне назар аударыңыз. Бұл дала түлкісіне ұқсамайды. Тіпті күтімі жақсы. Жалпы, Атырауда экзотикалық, жабайы жануарларды үйде ұстайтындар бар деп естідім, – дейді ол. – Құтыру ауруына келетін болсақ, оны тек зертханалық жағдайда ғана анықтауға болады.

Ал мамандар бірауыздан, қандай жағдайда да жабайы жануарларға қол тигізу, сипау былай тұрсын, оларға ешқашан жақындамау керек деген пікірде. Бұл жанашыр қала тұрғындары қамқорлыққа жиі алатын ауру, жаралы, титықтаған құстарға да қатысты. Қашан да аңшы немесе орнитолог шақырылуы керек.

Лев ГУЗИКОВ

Әлеуметтік желіден алынған сурет

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз