Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Атыраулық тұрғын кісі өлтірдім деп жалған хабарлама берген

Атыраулық тұрғын 102-ге қоңырау шалып кісі өлтірдім деп жалған хабарлама берген.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің өкілі Мейірім Ердәулет хабарлады. 1 ақпан күні сағат 12:18 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 желісіне белгісіз азамат қоңырау шалып, өзінің Авангард мөлтекауданында орналасқан үйлердің бірінің ішінде белгісіз адамды өлтіріп алғандығы жөнінде хабарлама қалдырған.

Аталған хабарламаны тексеру кезінде 1989 жылы туған азаматтың полицияға жалған хабар бергені белгілі болды. Наркологиялық сараптаманың қорытындысымен аталған азаматтың орта дәрежедегі мас күйде екендігі анықталды.

33 жастағы азамат өзінің ішімдік ішкендіктен осындай әрекетке барғандығын айтып, кінәсін мойындаған.

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабының 1-бөлігімен (Арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарын, полицияны, медициналық жедел жәрдемдi, авариялық қызметтердi көрiнеу жалған шақыру) әкімшілік хаттама толтырылып, 91 890 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Айта кетейік, 2021 жылы полиция қызметкерлеріне  жалған хабарлама беріп шақыртқан 60-қа жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, биыл дәл осылай 3 адам әкімшілік жауапкепшілікке тартылды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button