Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулық шаруалар қысқа дайын ба?

ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНЫҢ ДА ОРТАСЫНАН АСЫП, АЛДАҒЫ ҚЫСТЫҢ ҚАМЫН ЕКШЕЙ ТҮСЕР МЕЗГІЛ ДЕ КЕЛДІ. БИЫЛ ОБЛЫСТА БАРЛЫҒЫ 347 МЫҢ БАС ШАРТТЫ МАЛ ҚЫСТАҚҚА ТҮСУГЕ ТИІС. ОҒАН 573 МЫҢ ТОННА ЖЕМ-ШӨП ҚАЖЕТ. БЫЛТЫРДАН ҚАЛҒАН 22 МЫҢ ТОННАНЫ ҚОСҚАНДА, ҚЫС МАУСЫМЫНА НАҚТЫ
551 МЫҢ ТОННА МАЛ АЗЫҒЫ ДАЙЫНДАЛУЫ КЕРЕК. ҚАЗІР ДАЙЫНДАЛҒАН 400 МЫҢ ТОННА НЕМЕСЕ ҚАЖЕТТІ ПІШЕННІҢ 73%-Ы ҚЫСТАҚТАРҒА ТАСЫЛЫП ЖАТЫР. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ДА ЖАУАПТЫ БИЫЛҒЫ НАУҚАННЫҢ ӨТУ БАРЫСЫНДА, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚАЙРАТ НҰРЛЫБАЕВТЫҢ АЙТУЫНША, ҚЫЗЫЛҚОҒАЛЫҚТАР МЕН ҚҰРМАНҒАЗЫЛЫҚТАР ӨЗ АУМАҒЫНАН СЫРТҚА ШЫҚПАҒАН. ӨЗДЕРІНЕ ТИЕСІЛІ ШАБЫНДЫҚТАН БӨЛЕК ОЛАР БАСҚА АУДАНДАРҒА ДА ҚАЖЕТТІ ПІШЕН ШАБУҒА МҮМКІНДІК ТУҒЫЗДЫ. ТІПТІ, ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ ДАЙЫН ШӨПТІ САТУ ДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА. 

Қыстық шөптен қысылыс жоқ 

– Биыл қуаңшылықтың салдарынан туындаған қиындық көп. Облыс аумағында шабындық алқап пен шалғыға ілігетін шөптің тапшылығы байқалды. Сол себепті көршілес Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары әкімдіктерімен меморандумға отырдық. Соның нәтижесінде атыраулық шаруа қожалықтарына осы облыстардағы арнайы белгіленген аумақтардан қыстық қорды дайындап алуға рұқсат етілді. Мысалы, Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданынан 10 мың гектар шабындық жер бөлінді. Шаруашылықтар бүгіндері жаз бойы әзірленген пішенді қыстақтарға жеткізудің қамында жүр. 

****

Субсидия сұраусыз берілмейді 

Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев шаруашылықтардың жем-шөп дайындауға (негізінен ірі сабақты шөп үшін) кеткен шығынын мемлекет есебінен ішінара өтеу мақсатында жалпы сомасы 400 миллион теңге субсидия бөлінгенін де атап көрсетті. Әйтсе де, мұның өзі де аздық ететінін ескеріп, қосымша қаражат қарастыру мәселесі көтерілгенін де білдік. Енді мәселе облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібіне қойылып, бюджетті нақтылау барысында шешімін таппақ. 

Сиыр мен қой өсіріп отырған шаруашылықтар үшін шыққан шығынның тең жартысына дейін субсидия қаралса, жылқы мен түйеге одан төмен болады. Өйткені, алдыңғы екеуіндей емес, ірі мал күн райлы болса қорада ұсталмайды, көбінесе жайылымда жүреді. Сол себепті бұлардың тұтынатын жем-шөп мөлшері де аздау. Субсидия бөлу мәселесінде бұл жағы да қаперге алынады. 

Индер, Махамбет аудандарындағы жеке тұрғындарға келісімді бағамен шөп сату ұйымдастырылды, – деді Қайрат Есқабылұлы. Шабындық тапшылығы Жылыой ауданында да қалыптасты. Сондықтан, аудандағы 3 шаруашылықтан жасақталған пішенші-механизаторлар қазір Ақтөбе облысының Байғанин және Қобда аудандарының жерінен мал азығын әзірлеп жатыр. Бұл жөнінде өзара келісім жасалған. Сондай-ақ Ақтөбе об- лысына қарасты Байғанин, Ойыл және Темір аудандарының жерінен шабылып, бір орама (рулон) 11 мың, ал пресс 1 мың теңгеден сатылуда. 

Жемнен тапшылық жойылады 

Ауыл шаруашылығы құрылымдары үшін қыс маусымында малға керекті жем- мен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етуге де көңіл бөлініп отыр. Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев бұдан бір ай бұрын құрама (кебек) жемнің 1 тоннасы 85 мың теңгеге бағаланса, бүгінде оның тағы да 5 мың теңгеге қымбатсып кеткенін айтты. Ал, дәл осы бағада жемді Оралдан Атырауға жеткізіп беруге келісіп тұрған шаруашылықтар бар, бұл жұмыс басталып та кетті. Оған қоса әр ауданның орталығында бұрыннан жергілікті тұрғындарға жем сатып жүрген жеке кәсіпкерлер де жеткілікті. Тіпті, олардың жеткізілген жемді сақтайтын қоймалары да бар. Мұндай мүмкіндікті ұтымды пайдала- нып қалуды ойлаған шаруа қожалықтары жемді керегіне сәйкес сол жерден өзі тасып әкетеді. Жекеменшігінде мал ұстайтын тұрғындар да қабымен сатып алуға дағдыланған.
Ең бастысы, бұған дейін қымбат бағасына да жем таппай қиналатын ауылдағы ағайын енді «алыстан арбаламай-ақ, жақыннан дорбалай- тын» болды. Әсіресе, ірі кәсіпкерлер құнарлылығы жоғары әрі жұғымды жемді теміржол арқылы вагондап алып жатқанын білдік. 

Тек Батыс Қазақстан облысымен шектелмей, Ақтөбеден, тіпті Ресейдің шекаралас облыстарынан да дәл сон- дай бағамен жем жеткізудің мүмкіндігі туғызылған. Шаруашылықтарды жеммен қамту мақсатында аталған облыстардың әкімдіктерімен ғана емес, тікелей оны шығаратын элеваторлардың басшылығымен де бекітілген бағаны бұдан әрі қымбаттатпау жөнінде мәміле бар. 

Жан-жақты іс-әрекеттің нәтижесінде қазір облыс шаруашылықтарына қажетті жемнің тең жартысы бар. Демек биыл жылдағыдай құрама жемнен тапшылық болмауы тиіс. 

Дәулетқали АРУЕВ 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button