Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Атыраулық полицейлер микронесие кеңсесіне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні ұстады

5 наурыз күні сағат 10:45 шамасында 102 операторына Атырау қаласы Вокзал маңы ышқам ауданында орналасқан микронесие ұйымының кеңсесінің кассирі медициналық бетперде киген белгісіз азаматтың 10:30 шамасында пышақпен қорқытып, кассадағы 400 000 теңгені алып кеткені туралы хабарлама берген. Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қылмыстың ізін суытпай 25 жастағы күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.
Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодекстің 192 бабы 1 бөлігі бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button