«Қазақстандағы əйелдің құқығы: мүмкіндіктер мен кедергілер»

191122204943010e Жаңалықтар

Əйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін күрестің халықаралық күніне орай облыстық конференция өтті.

Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы, облыс əкімі жанындағы əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мен «Шаңырақ-2008» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған бұл шарада қоғам өмірінде, құқықтық зайырлы мемлекетті құруда айрықша маңызға ие осынау əлеуметтік мəні зор мəселе төңірегінде əңгіме өрбіді.

Атап айтқанда, тұрмыстық зорлық-зомбылық тың профилактикасы, оның себептері мен салдары, əйелдер құқығы жəне олардың мүмкіндіктері мен құқықтарының жүзеге асыруға тосқауыл болатын кедергілер туралы айтылды.

Бұл жөнінде облыстық полиция департаменті əйелдерді зорлық-зомбылық тән қорғау бөлімінің басшысы Бибігүл Төлегенова, Атырау қалалық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған əйелдерге көмек көрсету бөлімшесінің тəрбиеші-маманы Ақзияш Дүйсемалиева, Атырау облыстық əкелер кеңесінің төрағасы Нұржан Ермұханов, Атырау қалалық мәслихатының депутаты Салтанат Рахимова баяндады.

Өз кезегінде конференцияға қатысушылар талқыланып отырған тақырыптарға қатысты ой-пікірлерімен ортақтасты. Соңынан осы салаға елеулі үлестерін қосып, атсалысып жүрген қоғам белсенділерінің бір тобы облыстық ішкі саясат басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.

Дəулетқали Аруев

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз