Атыраулық оқушылар таңдай қақтырар технология ойлап тапты (+ФОТО)

img 20220324 wa0084 Жаңалықтар

«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ МЕХАТРОНИКА»: НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІНДЕ ДӘСТҮРЛІ НАУРЫЗ КЕЗДЕСУЛЕРІ СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ.

        Назарбаев зияткерлік мектептері үш күн бойы  дәстүрлі наурыз кездесулерін өткізді. Бастапқы екі күн республика көлеміндегі түрлі вебинар түрінде өтіп, оған елдің түкпір-түкпіріндегі білімділер жұмылдырылған болатын. Ал, үшінші күнінде  ғылымға, инженерияға қызығушылығы бар оқушыларға арналып, шеберлік сабағы ұйымдастырылды.  Атырау қаласындағы xимия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі дәріс барысында оқушылар мұғалім көмегімен арнайы  жүйені  қолданып тазалау роботын жинап, оның жұмыс жасауына арналған программаны құрды.  Мақсаты – қымбат емес күн батареяларын тазалайтын автоматты жүйе жасау.  Панельде жиналып қалған қар мен шаң тозаңды тазарту үшін роботтың өз айналмалы щеткасы болады. Және кішігірім күн панельдері арқылы қуаттанатын батареясы болады.
          John Paul Bejerano, Атырау каласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің информатика пәні мұғалімі:

  • Бұл шара бүкіл Қазақстанның аймақтарындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде ұйымдастырылып жатқан шаралардың бірі. Әртүрлі елдерден спикерлер осы тақырып турасында лекция оқыды. Түрлі роботтар да жасалды.

            Күн сәулесі панельдерін тазарту және олардың тазалау механизмін жаңарту үшін арнайы құрылғы жасаушы оқущылардың бірі  – Абылай   Амангелдіұлы. Ол осы уақытқа дейін бірнеше құрылғы ойлап тапқан. Короновирусқа арналған бағдарламасы да бар. «Ковид трекер» деп аталады.  Бағдарлама арқылы коронавирусқа байланысты ақпаратты табуға болады. «Білім ал» атты бағдарламасынан балапандар қазақ тілін үйренуде. Алдағы уақытта жас программистерге арналған бағдарлама ашу жоспарында бар. Ал, бүгін көрсеткен құрылғыны ол аталмыш мектеп ұстазымен және өз үзеңгілесімен бірге ойлап тапқан.

             Сондай-ақ, оқушылар жетекшілерімен бірге ұсынған материалдарды қолдана отырып, контузия тренажерының әсер ету күшін төмендететін модельдік миға арналған қорғаныс шляпасын жасады. Қорғаныс бас құрылғысы спортпен шұғылдану кезінде оның құлауына жол бермейтін технологиямен жабдықталуға бағытталған.  10 сынып оқушысы Айсұлтан Жұмабай  осы жоба арқылы мидың қай жеріне күш түсетінін анықтауға болатынын айтты.

               Айсұлтан ЖҰМАБАЙ, оқушы:

  •  Макетімізде 5 сенсор болады. Бұл мидың бес бөлігіне арналған. Әр датчик әр мүшеге түсетін күшті есептейді. Оларды қолжетімді материалдан жасадық.

             Оқушылар мастер класс барысында мидың аймақтары мен олардың функцияларын зерттеді.  Олар соқтығысуды қорғау және жеңілдету әдістерін жасады. Мұндай ғылыми шаралар легі өз жалғасын таба бермек.

Орынгүл МАХМУД,

Атырау қаласындағы ХББ НЗМ баспасөз хатшысы

img 20220324 wa0081
img 20220324 wa0082
img 20220324 wa0079
img 20220324 wa0085
img 20220324 wa0080
img 20220324 wa0086
img 20220324 wa0088
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз