Жарнама
Жаңалықтар

Жеңіс парадында бір танк жұртты жапырып кете жаздады

Atr.kz/25 маусым, 2020 жыл. Севастопольде Жеңіс күніне арналған шеруде бір танк көпшілікті жапырып кете жаздады.

Құдай сақтағанда, әскери полиция әрекет етіп, танкті дер кезінде тоқтатып үлгерді. Бұл туралы «Подъем» басылымына осы іс-шараға қатысқан куәгер айтты. Оның айтуынша, оқыс оқиға Нахимов алаңына қарай бұрылыста болған.

— Танктер колоннасын бастап келе жатқан Т-34 танкі бұрылудың орнына кенеттен тікесінен тартты. Көрермендер, әрине мұндайды күтпеген, тіпті қорыққандарынан орнынан тыпыр ете алмай қалды. Құдай сақтағанда, әскери полиция дереу әрекет етіп, танкті тоқтатты, тіпті оны сол арада жөндеді. Содан кейін танк жұмыс істеп, қайтадан қатарға қосылды. Бұл, негізінен көне танк екен, 75 жылғы бұрын, ол парадқа арналып, жөнделіп, қатарға қосылыпты, — деді ол.

«zakon.kz»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button