Атырауда Рахымжан Отарбаевтың шығармасы сахналанды (+ФОТО)

whatsapp image 2019 11 14 at 12.26.05 4 Жаңалықтар

Atr.kz/14 қараша, 2019 жыл. Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық драма театрында БАҚ өкілдерінің қатысуымен  «Жалғыздық» шығармасының премьерасы өтті.

Премьераны тамашалауға  БАҚ өкілдерімен қатар, жазушының жары Сәуле Отарбаева қатысты. Қойылым  Рахымжан Отарбаев атындағы ІІІ республикалық  театр фестивалі аясында сахналанды. Қоюшы режиссері –  Махамбет атындағы облыстық  драма театрының Бас режиссері Мұқанғали Томанов. Оның айтуынша, Отарбаевтың «Жалғыздық» әңгімесінің жазылу стилі өзгеше, терең дүние.

whatsapp image 2019 11 14 at 12.26.05 1
whatsapp image 2019 11 14 at 12.26.05 4

–    Қойылымда В.Высоцкий әндері пайдаланылады. Мұнда сөзі аз болғанымен иірімдері жетерлік.  Қойылымның ерекшелігі – жан дауасын іздеп келетін жолаушыны қарсы алатын топтасқан «Адамдар» легінде. Ал, өзектілігі – бес күндік жалған ғұмырдың әр сәтін бағалай білуде, – дейді Мұқанғали Томанов. 

Айта кетейік, 18-22 қараша аралығында Атырау қаласында Рахымжан Отарбаев атындағы ІІІ республикалық театр фестивалі өтеді. Фестивалге  еліміздің  9 театр ұжымы қатысады.

whatsapp image 2019 11 14 at 12.26.05 3 1
whatsapp image 2019 11 14 at 12.26.05 2

Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз