Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулық оқушы экопластиктен бұйымдар өндірісін жолға қойғысы келеді

Қонаев атындағы «Binom» мектебінің 10-сынып оқушысы — Дария Бегалиева — «Nature Plast» атты экологиялық стартаппен айналысып жатыр. Жобаның мақсаты — күнделікті өмірде пластикалық бұйымдарды алмастыра алатын, биологиялық жолмен ыдырайтын материалдарды жасап шығару және жаппай өндіру.

Дарияның айтуынша, оның материалы желатин мен глицерин негізінде дайындалады, ал икемді технология соңғы өнімнің тығыздығы мен беріктігін өзгертуге мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде бірнеше прототип әзірленген: картхолдерлер, мұқабалар және карточка ұстағыштар.

— Мысалы, бір үлгісі оңай жыртылады — онда желатин аз. Ал екіншісі берік, оны ұзақ қолдануға болады. Бұл материалды әртүрлі қажеттілікке бейімдеуге болатынын көрсетеді, — дейді оқушы.

Жоба екі кезеңнен тұрады: зерттеу мен формуланы жетілдіру, содан кейін — шағын өндірісті іске қосу. «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен өткен Jer Eco Hub байқауында жеңіске жеткеннің арқасында, Дария Бегалиева 1 миллион теңге көлемінде грант иеленді. Бұл қаражат жабдық алуға және экобұйымдар өндіретін алғашқы желіні іске қосуға жұмсалады.

Жоғарғы сынып оқушысы мектеп оқушылары арасында сауалнама жүргізіп, 140 қатысушының 130-дан астамы оның идеясын қолдаған. Дарияның жоспары — алдымен Атырауда өнім шығаруды жолға қою, кейін жобаны кеңейту.

— Мен технологияны осы жылдың басында қолға алдым. Идея 2023 жылы пайда болған, бірақ дәл қазір жоба шынайы даму алды. Экопластик біздің болашағымыздың бір бөлігі болатынына сенемін, — дейді Дария.

Nature Plast жобасы — Атырау облысының белсенді жастарының тұрақты даму мен экологиялық сананы арттыруға үлес қоса алатынының жарқын мысалы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button